$ 489.31 € 568.33 ₽ 6.63

Тоқаев: Қазақстандағы президенттік басқару үлгісі Алтын Ордадан бастау алады

Редакция
04 маусым 2026, 13:36
Тоқаев: Қазақстандағы президенттік басқару үлгісі Алтын Ордадан бастау алады Сурет авторы: akorda.kz

Ұлттық рәміздер күніне арналған салтанатты жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы қазіргі президенттік басқару үлгісінің негізі Алтын Орда дәуірінде қалыптасқан саяси жүйеден бастау алатынын айтты.

Президенттің сөзінше, Алтын Орда орта ғасырлардағы ірі мемлекеттердің бірі болған. Онда басқару институттары, дипломатиялық қызмет, байланыс және кеден жүйесі жұмыс істеген, сондай-ақ әлемде мойындалған валюта қолданылған.

«Қазір Қазақстанда берік орныққан президенттік басқару үлгісі Алтын Орда кезінде құрылған саяси жүйеден бастау алады», – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы жаңа Конституцияда қазақ елінің төл тарихы Ұлы даланың мыңдаған жылдық шежіресімен сабақтас екені көрсетілгенін айтты. Сонымен қатар Астанада Ұлы дала өркениетіне арналған зәулім ғимарат салынатынын хабарлады.

Сөз соңында президент Қазақстанның даму бағыты сырттан келген дайын үлгілерге сүйенбеуі керек екенін айтты. Оның пікірінше, ел өткен тарихтың пайдалы тәжірибесін заман талабына сай бейімдеп, соның негізінде алға жылжуы қажет.

Соңғы жаңалықтар