Қырғызстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды
Сурет авторы: UN Photo/Eskinder Debebe
Қырғызстан тарихында алғаш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайланды. Дауыс беру 3 маусым күні БҰҰ Бас Ассамблеясында өтті.
Азия-Тынық мұхиты өңіріне бөлінген орын үшін Қырғызстан мен Филиппин бәсекеге түсті. Алғашқы үш турда екі елдің ешқайсысы қажетті дауыс санын жинай алмады. Төртінші турда Қырғызстан 142 мемлекеттің қолдауына ие болып, жеңіске жетті.
Республика Қауіпсіздік Кеңесіндегі екі жылдық өкілеттік мерзімін 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастайды.
Осылайша Қырғызстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайланған алғашқы кезеңін бастамақ. Бұған дейін Орталық Азия мемлекеттері арасында бұл органға тек Қазақстан ғана мүше болған. Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде 2017–2018 жылдары жұмыс істеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаровты және қырғыз халқын бауырлас елдің 2027-2028 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтады:
– Бұл айтулы оқиға Қырғызстан және тұтас Орталық Азия елдері үшін тарихи мәнге ие. Қырғыз Республикасы Президентінің басшылығымен жүргізіліп отырған жасампаз әрі сындарлы саясаттың нәтижесінде Қырғызстанның халықаралық аренадағы беделі жоғары деңгейде танылды. Қазақстан Қырғыз Республикасының кандидатурасын дәйекті түрде қуаттады әрі осы жауапты миссияны атқаруда алдағы уақытта жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Қырғызстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмысына табыс тілеймін! – деп жазылған жеделхатта.
Сайлауалды науқан барысында Қырғызстан халықаралық аренада шағын мемлекеттердің, таулы елдердің және теңізге шығатын жолы жоқ мемлекеттердің мүдделерін белсендірек қорғауға уәде берген болатын.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты ұйымның негізгі органы саналады. Оның құрамына бес тұрақты мүше – АҚШ, Ресей, Қытай, Франция және Ұлыбритания кіреді. Сонымен қатар екі жылдық мерзімге сайланатын он тұрақты емес мүше бар.
Соңғы жаңалықтар
-
SDU UNIVERSITY-ДЕ ПРОРЕКТОР АУЫСТЫ
1 сағат бұрын
-
Қазақстандықтарға террористік қауіп туралы SMS хабарламалар жіберіледі
4 сағат бұрын
-
Тоқаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын ауыстырды
4 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинмен алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерді талқылады
5 сағат бұрын
-
АҚШ жасырын түрде 25 мыңнан астам мигрантты үшінші елдерге депортациялаған
5 сағат бұрын
-
Граффити салғандар жауапқа тартылуы мүмкін: Үкімет заңды өзгертпек
6 сағат бұрын
-
Қазақстан әскери қызметшілері мен техникасын Ресейге жібереді
6 сағат бұрын
-
Жоғары технологиялық ортопедиялық операциялар енді өңірлерде де тегін жасалуда
6 сағат бұрын
-
Асель Қанай Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
7 сағат бұрын
-
Шығыс Қазақстанның Польшаға экспорты 17 пайызға өсті
8 сағат бұрын
-
Референдум шешеді: Шотландия, Уэльс пен Солтүстік Ирландия Ұлыбритания құрамынан бөлек шыққысы келеді
9 сағат бұрын
-
Аймағамбетов МӘМС жүйесіндегі мемлекетке артық шығын келтіретін процедураларды жоюды ұсынды
9 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинді Ресейдегі Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады
11 сағат бұрын
-
Трамп балалар екпесін бес бөлікке бөлуді ұсынды
11 сағат бұрын
-
Қазақстандықтар АҚШ-қа қашан тікелей ұша алады
11 сағат бұрын
-
Семей қаласында Қала күніне арналған мерекелік апталық өтті
11 сағат бұрын
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
2 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
2 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
3 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
3 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
3 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
3 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
3 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
3 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
3 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
3 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
3 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
3 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
3 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
4 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
5 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
5 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
5 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
5 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
6 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
6 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
6 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
6 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
6 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
6 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
6 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
6 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
6 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
6 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
6 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
6 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
6 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
6 күн бұрын