$ 489.31 € 568.33 ₽ 6.63

Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы Алматыда қамауда отыр

Редакция
04 маусым 2026, 12:23
Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы Алматыда қамауда отыр Сурет авторы: Alchetron

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Данияр Үсеновтің ұлы Урмат Үсенов Алматыдағы тергеу изоляторына қамалды. Бұл туралы қырғызстандық Kaktus.media басылымы хабарлады.

Ол заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу және трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құру ісі бойынша күдікке ілінген. Бұл іс бойынша Урмат Үсеновтен бөлек тағы үш адам күдікке ілінген. Олардың екеуі Қырғызстан, біреуі Қазақстан азаматы.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілердің әрекетінен келген шығын көлемі 26 млн теңгені құраған. Сонымен қатар құқық қорғау органдары жүргізген тінту барысында жалпы құны 46 млн теңгеге бағаланған 1,6 тоннаға жуық кальян темекісі тәркіленген.

Соңғы жаңалықтар