Сенатор Бибігүл Жексенбай Токиода Нобель сыйлығының лауреаттарымен кездесті
Жапонияға жасаған жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай ядролық қаруды жоюға бағытталған көпжылдық ауқымды қызметі үшін Нобель бейбітшілік сыйлығымен марапатталған Атом және сутегі бомбаларынан зардап шеккендер ұйымдарының жапондық конфедерациясының («Nihon Hidankyo») басшылығымен ресми кездесу өткізді.
Кездесуге ұйымның атомдық бомбалаудан аман қалған жетекшілері: Бас хатшы Джиро Хамасуми, сондай-ақ Бас хатшының орынбасарлары Тошико Хаманака, Масако Вада және Мичико Кодама қатысты.
Сенатор жапон тарапына Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың атынан құттықтауын жеткізіп, бұл мәртебелі халықаралық марапат бүкіл хибакуся ұрпағының адамгершілік күш-жігерін мойындау және күллі адамзатқа жасалған ескерту екенін атап өтті.
Сенатор, Жапон халқы Хиросима мен Нагасакидің қасіретін бастан өткерсе, қазақ халқы Семей ядролық полигонының зардабын тартқанын, сондықтан бұл миссия Қазақстан үшін өте жақын әрі түсінікті екенін жеткізді. Семей полигонының жабылғанына 35 жыл толуы — Қазақстанның жаһандық қауіпсіздікке қосқан тарихи үлесі, алайда зардаптарды жою мен оңалту мәселелері әлі де мемлекеттің тұрақты назарында.
Депутат өз сөзінде өңірлердегі әлеуметтік мәселелер мен заңнамалық мақсаттарға тоқталып, былай деді:
«Азаматтарды қабылдау кезінде де, өңірлерге сапарлар барысында да Семей полигонына қатысты өтініштер жиі түседі. Кездесулерде тұрғындарды әлеуметтік қорғау, медициналық қолдау, кейінгі ұрпақтың денсаулығы, сондай-ақ кезінде полигонды жабу операциясына қатысқан әскери қызметшілердің әлеуметтік мәртебесін жетілдіру мәселелері тұрақты түрде көтеріледі. Сондықтан алдымызда тұрған ұзақмерзімді міндеттерді шешуде біз Нобель сыйлығының лауреаты атанған ұйымның бірегей заңнамалық тәжірибелеріңізді — хибакусяларды әлеуметтік қорғау, өтемақы төлеу және радиация салдарын ғылыми зерттеу тетіктерін мұқият зерделеп жатырмыз».
Сенатор «Nihon Hidankyo» ұйымының басты жетістігі — адам тағдырын жаһандық моральдық күшке айналдырып, ауыр трагедияны өшпенділікке емес, бейбітшілікке шақырудың құралына айналдыра білуі екенін ерекше атап өтті.

Кездесу барысында антиядролық және бейбітшілік мәдениетін халықаралық деңгейде ілгерілету мақсатында жаңа бастама ұсынылды. Сенатор Семей полигонының жабылуының 35 жылдығына орай Қазақстанда бастау алған және қоғам қайраткері Майра Әбенованың жетекшілігімен жүзеге асырылып жатқан «Балалар бейбітшілікті бейнелейді» халықаралық акциясы туралы айтып берді.
«Бұл акцияда әр елдің балалары сурет тілімен бейбітшілікке, ядролық қарусыз әлемге өз үндерін қосады. Біз «Nihon Hidankyo» ұйымының басшылығына осы жобаны Жапониядағы жастов мен білім беру ұйымдары арасында қолдау жөнінде ұсыныс білдірдік. Бейбітшілік туралы әңгімені тек саясаткерлер ғана емес, болашақ ұрпақ та жалғастыруы тиіс. Хиросима, Нагасаки және Семей тарихы балалардың шығармашылығы арқылы әлемге жетсе, бұл жаңа буынның санасында бейбітшілік мәдениетін қалыптастыруға қосылған маңызды үлес болмақ», — деп атап өтті сенатор.
Ұйым басшысы, 94 жастағы Джиро Хамасуми Қазақстанның бастамаларына қолдау білдіре отырып, тарихи жадыны сақтаудың маңыздылығына тоқталды:
«Куәгерлер азайып бара жатқан заманда тарихи жадыны сақтау — бүкіл адамзаттың ортақ міндеті. Өйткені ядролық қарудың зардабы туралы ұмытылған күні оның қаупі қайтадан күшейеді. Қазақстан мен Жапонияны ортақ қасірет қана емес, ортақ жауапкершілік те байланыстырады», — деді Джиро Хамасуми.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар ядролық қауіпсіздік саласындағы екіжақты іс-қимылды жаңа практикалық деңгейге шығару қажеттігіне тоқталды. Б. Жексенбай екі ел серіктестігінің маңызын мәлімдей келе, кездесуді былай деп түйіндеді:
«Бүгінгі әлемге тек жаңа технологиялар мен қуатты экономикалар ғана емес, сіздер сияқты рухани бағдарлар да қажет. Біз Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастықты: парламенттер, ғылыми орталықтар, медициналық мекемелер, қоғамдық ұйымдар мен жастов платформалары деңгейінде белсенді дамытқымыз келеді. Біз үшін ядролық қаруы жоқ әлем — утопия емес, адамзаттың аман қалуының басты шарты».
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын