$ 488.96 € 569.49 ₽ 6.81

АҚШ пен Иран тағы да соққы алмасты

Редакция
01 маусым 2026, 13:57
АҚШ пен Иран тағы да соққы алмасты Сурет авторы: Getty images

АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) соңғы екі тәулікте Иранның оңтүстігіндегі Горук қаласы мен Кешм аралындағы ирандық радарлар мен дрондарды басқару пунктіне соққы жасағанын мәлімдеді

Американдық әскерилер Иранның әуе қорғаныс жүйелерін, жердегі басқару пунктін және екі шабуылдық дронды жойды. Бұған дейін Иран халықаралық суларда ұшып бара жатқан американдық MQ-1 барлау дронын атып түсірген болатын. Американдық жауынгерлер зардап шеккен жоқ.

Ислам революциясы сақшылары корпусы (ИРСК) АҚШ соққысына жауап ретінде американдық шабуыл жасалған базаны өз ұшқыштарымен атқылағанын хабарлады. База орналасқан ел аталмады. Корпус баспасөз қызметі ескерту де жасады: «Агрессия қайталанса, жауап мүлдем басқа ауқымда болады».

Бұл оқиға сәуір айынан бері жалғасып келе жатқан Таяу Шығыстағы атысты тоқтату режимі кезінде болды. Өткен аптада АҚШ пен Иранның 60 күндік бітімді ұзарту және ядролық бағдарлама бойынша келіссөздер бастау туралы алдын ала келісімге келгені хабарланған еді. Алайда Axios мәліметінше, президент Трамп жобаға түзетулер енгізуді талап етті — атап айтқанда, иран ядролық материалдарының АҚШ-қа берілу тәртібі мен мерзімін нақтылауды. Бірақ келісімге қашан қол қойылатыны әзірге белгісіз.

Соңғы жаңалықтар