$ 447.94 € 502.32 ₽ 5.52

Үй сатып алмақ болғандарға ескерту: бірқатар қызмет бірнеше күнге тоқтайды

Абдрахманов Мағжан
23 қазан 2026, 10:01
Үй сатып алмақ болғандарға ескерту: бірқатар қызмет бірнеше күнге тоқтайды Сурет авторы: Kazinform/ ЖИ

Қазақстанда 23 қазан сағат 19:00-ден 27 қазан сағат 00:00-ге дейін жылжымайтын мүлікке қатысты бірқатар мемлекеттік қызмет уақытша көрсетілмейді. Бұл Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының жаңа координаттар жүйесіне көшуіне байланысты.

Осы аралықта жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және нысандарды техникалық тексеруге өтініш қабылдау уақытша тоқтатылады. Сондықтан осы күндері баспана мен басқа да жылжымайтын мүлікке қатысты мәміле жасайтын азаматтарға қызметтердің уақытша шектелетінін ескерген жөн.

Шектеу кадастр жүйесін жаңғырту жұмыстарына байланысты енгізіледі. Жүйе жаңа координаттар жүйесіне көшірілгеннен кейін қызмет көрсету қайта жалғасады.

Соңғы жаңалықтар