$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.6

Тоқаев Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

Абдрахманов Мағжан
23 қазан 2026, 09:42
Тоқаев Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады Сурет авторы: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні қарсаңында елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы «Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының балқытушысы Ә.Доспановқа берілді. Ал композитор А.Қоразбаев «Отан» орденімен марапатталды.

І дәрежелі «Барыс» орденіне «TNS-group» концерні» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Т.Жұмағұлов пен актер Н.Ықтымбаев ие болды. ІІ дәрежелі «Барыс» ордені білім саласының ардагері Е.Мәмбетқазиев пен Қазақстан альпинизм және тауға өрмелеу федерациясының вице-президенті Қ.Уәлиевке табысталды.

Бірқатар ғалым, мәдениет қайраткері мен өндіріс саласының өкілі «Парасат» және «Құрмет» ордендерімен марапатталды. Қоғамдық келісім мен ұлтаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосқан төрт азамат «Ел бірлігі» орденіне ие болды.

Мәдениет саласының өкілдері Б.Бәймен, Т.Мүсілім, П.Палтаев, М.Сайланбек, А.Темкина және басқа да азаматтарға «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.

Педагогтер Н.Каранда, К.Мәжитова, Е.Омарханов және Н.Сафиуллина «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атанды. Ал өнер қайраткерлері Т.Мұсабаев пен Н.Өтеуловке «Қазақстанның халық әртісі» атағы берілді.

Сонымен қатар әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының бір топ өкілі І және ІІ дәрежелі «Даңқ», І, ІІ және ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.

Ақорда мәліметінше, мемлекеттік награда алғандардың арасында 129 еңбек ардагері, өндіріс пен басқа салалардың 473 жұмысшысы, 200-ден астам шағын және орта бизнес өкілі, 150-ден аса педагог пен ғалым және 120-ға жуық медицина қызметкері бар.

Соңғы жаңалықтар