$ 447.94 € 502.32 ₽ 5.52

"Мұнайшыларды наразылыққа итермеледі": ҰҚК тергеу жүргізіп жатыр

Абдрахманов Мағжан
23 қазан 2026, 17:33
"Мұнайшыларды наразылыққа итермеледі": ҰҚК тергеу жүргізіп жатыр Сурет авторы: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Маңғыстау облысында қылмыстық топтың болжамды мүшелеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын растады. Алайда күдіктілерге нақты қандай айып тағылып отырғаны әзірге белгісіз.

«Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген ҰҚК-нің Informburo.kz сауалына берген жауабында.

Бұған дейін Kazinform Маңғыстау облысында мұнай-газ саласы қызметкерлерінің жаппай наразылығын ұйымдастыруға әрекеттенді деген қылмыстық топтың қызметі тоқтатылғанын хабарлаған еді. Агенттік мәліметінше, топ мүшелері «Өзенмұнайгаз» АҚ тарапынан қаржыландыруды ұлғайтуға қол жеткізу үшін кәсіпорын жұмысшыларын наразылыққа итермелеуге тырысқан.

ҰҚК мәліметінше, күштік құрылымдардың дер кезінде қабылдаған шаралары азаматтар арасында ықтимал адам шығынының, тәртіпсіздік пен тонаудың алдын алуға мүмкіндік берген.

Тергеуге байланысты істің басқа мән-жайы әзірге жарияланған жоқ.

Соңғы жаңалықтар