$ 447.94 € 502.32 ₽ 5.52

Қазақстанда жоғары оқу орындарындағы оқу мерзімі үш жылға қысқаруы мүмкін

Абдрахманов Мағжан
23 қазан 2026, 17:33
Қазақстанда жоғары оқу орындарындағы оқу мерзімі үш жылға қысқаруы мүмкін Сурет авторы: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қазақстанда кей мамандықтар бойынша жоғары оқу орнындағы білім беру мерзімін төрт жылдан үш жылға қысқарту ұсынылды. Үкімет мұндай үлгінің тиімділігін 2027 жылы бағаламақ.

Құрылтай депутаттарының ұсынысы бойынша студенттер оқу бағдарламасындағы қажетті сағаттарды үш жыл ішінде толық меңгеруі керек. Ол үшін үш кезеңді оқу жүйесін, жазғы семестрлерді, өндірістік тәжірибе мен жұмыс берушілермен бірлескен жобаларды пайдалану ұсынылады.

Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында қолданыстағы заңнама жоғары оқу орындарына үш жылдық бағдарламаларды өз бетінше ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін мәлімдеді. Алайда медицина, сәулет және күрделі инженерлік бағыттарда оқу мерзімін қысқарту қарастырылмайды.

Соңғы жаңалықтар