Рим Папасы Украина Ресеймен соғысты аяқтауы қажет деген сөзі үшін наразылыққа тап болды
Рим Папасы Францисктің “Украина “ақ туды көтеруге батылдық танытып”, Ресеймен соғысты тоқтату үшін келіссөздер жүргізуі керек” деген сөзіне Украина үкіметі қатулы жауап қатып, ешқашан берілмейтіндеріне уәде берді, деп хабарлайды Qrnews.kz тілшісі The Guardian-ға сілтеме жасап.
"Біздің туымыз - сары және көк. Біз осы тудың астында өмір сүреміз, өлеміз және өркендейміз. Біз ешқашан басқа туды көтермейміз", - деп жазды әлеуметтік желіде Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба.
Украина президенті Владимир Зеленский понтификтің «виртуалды делдалдықпен» айналысатынын айтты. Зеленский Францискке немесе оның сөздеріне тікелей сілтеме жасамады, бірақ Украинада көмектесіп жатқан діни қайраткерлерді атап өтті.
"Олар бізді дұғамен және істерімен қолдайды. Бұл шынымен де шіркеу халықпен бірге екенін көрсетеді. 2500км жерден өмір сүргісі келетіндер мен оларды жойғысы келетіндердің арасында виртуалды делдал болу емес", - деді Зеленский өзінің кешкі бейнеүндеуінде.
Еуропадағы саясаткерлер мен комментаторлар понтифик берген сұхбатында Ресейдің басқыншы агрессор ретіндегі қылмыстары туралы үнсіз қалып, бейбітшілік орнатуға деген бүкіл жауапкершілікті Украинаға жүктей салғаны үшін наразы екенін білдірді.
Кулеба Францискті «жақсылық жағында болуға» және Ресей мен Украинаны «бір деңгейге қойып, оны «келіссөздер» деп атамауға» шақырды.
Христиан-демократиялық одағының неміс еуропалық депутаты Деннис Радтке понтификтің түсініктемелерін сипаттау үшін «масқара» сөзін қолдануға болатынын айтты.
"Оның Украинаға қатысты ұстанымы оның понтификатына нашар әсер етеді. Бұл ақылға қонымсыз", - деп жазды ол.
«Рим папасының Украинаны қорғауға шақырмайтыны, Ресейді ондаған мың адамның өмірін қиған агрессор ретінде айыптамайтыны таңқаларлық. Путинді соғысты тоқтатуға шақырмайды, бірақ Украинаны оның орнына ақ туды көтеруге шақырады. Оның барлық кардиналдары осы ұстанымды бөлісе ме?» - деп жазды Х-те блогер, Украина ішкі істер министрлігінің бұрынғы кеңесшісі Антон Геращенко.
"Тепе-теңдік үшін Путинді өз әскерін Украинадан шығаруға батылдық танытуға шақыру туралы не деуге болады? Бейбітшілік келіссөз жүргізбей-ақ бірден орнайтын еді”, - деп жазды Польшаның сыртқы істер министрі Радослав Сикорский.
Сенбіде швейцариялық телеарналар таратқан, бірақ Ватиканның айтуынша, ақпан айында берген сұхбатында, Рим папасы Украина соғысындағы тараптарды «келіссөздер жүргізуге батыл болуға» және оны «жағдай нашарламай тұрып» істеуге шақырды.
“Мен жағдайды көріп, адамдарды ойлап, ақ туды көтеріп, келіссөз жүргізуге батылы жететіндер ең күшті адамдар екеніне сенемін. “Келіссөздер” сөзі - батыл сөз. Сіз жеңілгеніңізді, жағдайдың жақсармай жатқанын көргенде келіссөзге бару - батылдық”, - деді 87 жастағы Папа.
Францисктің айтуынша, украиналықтар жағдай одан әрі ушығып кетпей тұрып, бейбіт келісімге келуден қорықпау керек.
"Бүгінгі таңда, мысалы, Украинадағы соғыс жағдайында делдал болғысы келетіндер көп. Мысалы, Түркия. Жағдай ушығып кетпей тұрып, келіссөздер жүргізуге ұялмаңыздар” - деді ол.
Ватиканның коммуникациялар жөніндегі директоры Маттео Бруни понтификтің сөздерін түсіндіруге бағытталған мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Франциск «ақ ту» терминін соғыс қимылдарын тоқтату, батыл келіссөздер арқылы қол жеткізілген бітімге сілтеме жасау үшін қолданған.
Соңғы жаңалықтар
-
Макрон шеруге шыққандарға қатаң шаралар қолданбақ
56 минут бұрын
-
Тоқаев: Кейбір әлеуметтік жеңілдіктер жымқыру негізінде беріліп жатыр
1 сағат бұрын
-
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені екінші рет қатарынан төмендетті
1 сағат бұрын
-
"Мұнайшыларды наразылыққа итермеледі": ҰҚК тергеу жүргізіп жатыр
1 сағат бұрын
-
Қазақстанда жоғары оқу орындарындағы оқу мерзімі үш жылға қысқаруы мүмкін
1 сағат бұрын
-
Қашаған дауы: арбитраж Қазақстанның 12 млрд долларлық талабын қанағаттандырмады
1 сағат бұрын
-
Үй сатып алмақ болғандарға ескерту: бірқатар қызмет бірнеше күнге тоқтайды
8 сағат бұрын
-
Франция мен Италиядағы сценарий қайталануы мүмкін: Германия неден қауіптенеді
8 сағат бұрын
-
Тоқаев Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады
8 сағат бұрын
-
Қазақстанда iPhone Duo ресми сатылымға шықты: бағасы қанша
8 сағат бұрын
-
Астана, Алматы және Шымкенттен көшкендерге мемлекет ақша төлейді
1 күн бұрын
-
Тоқаев Қазақстандағы АЭС құрылысына қатысты тапсырма берді
1 күн бұрын
-
Қазақстанда қылмыс жасаған жасөспірімдердің әрбір екіншісі ауыр қылмысқа барған
1 күн бұрын
-
Отбасы банк комиссияны көтереді: Кімдерге әсер етеді?
1 күн бұрын
-
Ресейде соғысқа әкетілген қазақстандықтар елге орала бастады
1 күн бұрын
-
Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 41 ауылға интернет тартылды
1 күн бұрын
-
Соғысты тоқтату келіссөзі қайта басталуы мүмкін: Ресей мен Украина АҚШ ұсынысын қолдады
1 күн бұрын
-
Ресей Қазақстанға кірудің жаңа тәртібіне қатысты түсініктеме сұрады: Сыртқы істер министрлігі жауап берді
1 күн бұрын
-
«Жәрдемақыдан бас тартуды ұсынды»: Түркістан облысының тұрғыны мамандардың үйіне келгенін айтты
1 күн бұрын
-
Жарты жыл оқу, жарты жыл қызмет: Қазақстандық сарбаздар жаңа жүйемен әскерге барады
1 күн бұрын
-
Қанша қазақстандық зейнетақы жинағын жеке басқарушыларға сеніп тапсырды?
2 күн бұрын
-
Астанада печеньенің ішінен есірткі табылды
2 күн бұрын
-
Тоқаев мемлекеттік органдарды 16 жыл бойы бағалап келген жүйені жойды
2 күн бұрын
-
Дипфейк арқылы алматылық әйелдің атына төрт банк шоты ашылып, 36 млн теңге аударылған
2 күн бұрын
-
Зорлық болмай тұрып қауіп туралы белгі беріледі: Айжан Аймағанова жаңа жүйе ұсынды
2 күн бұрын
-
ШҚО-да 50 жылдан астам пайдаланылған ескі мектептің орнына жаңасы салынды
2 күн бұрын
-
Жаңа стадион салынған соң ескісі не болады? Алматылықтарды толғандырған сұраққа жауап
2 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап кімдерге атаулы әлеуметтік көмек берілмеуі мүмкін
2 күн бұрын
-
Астаналықтарды суық күнде кезекті сынақ күтіп тұр: Кімдер жылусыз қалады
2 күн бұрын
-
Бұрын-соңды болмаған «жаппай тазалау»: Трамптың екінші мерзімінде 300 мыңнан астам визаның күші жойылды
2 күн бұрын
-
Мұнай бағасы қайтадан 110 доллардан асты
2 күн бұрын
-
Еуропаның төрт ірі компаниясы Starlink-ке балама жасау үшін күш біріктірді
2 күн бұрын
-
Қазақстанда қандай жағдайда жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырады
2 күн бұрын
-
Алматыға 113 келі есірткі жеткізбек болған ағайындылар ұсталды
2 күн бұрын
-
«Ақтөбе» мен «Ордабасы» жазаланды: ҚФФ клубтарға ірі айыппұл салды
2 күн бұрын
-
Жасанды интеллект әлемін өзгерткен NVIDIA басшысы Қазақстанға келеді
3 күн бұрын
-
Қазақстанның жасанды интеллектіні дамыту саласындағы тәжірибесі ТүркПА-да таныстырылды
3 күн бұрын
-
Алматыда үш университет «жарылғыш зат қойылды» деген ақпараттан кейін тексерілді
3 күн бұрын
-
Садыр Жапаров ТүркПА-ға мүше елдер парламенттері басшыларымен кездесті
3 күн бұрын
-
Пашинян Жапаровты Қазақстан президенті деп атағаннан кейін хаттама қызметінің басшысын қызметінен босатты
3 күн бұрын
-
Өскемендегі кептеліске жаңа жол: әкім құрылыс барысын жеке тексерді
3 күн бұрын
-
Қорғаныс министрлігіне кеткен Савельеваның орнына жаңа депутат келді
3 күн бұрын
-
Navai қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін Қазақстаннан шығарылды
3 күн бұрын
-
Ким Чен Ынның қайтыс болғаны туралы ақпараттан кейін оның жаңа суреттері жарияланды
3 күн бұрын
-
Қазақстан АҚШ-қа тікелей рейсті қашан ашатыны белгілі болды
3 күн бұрын
-
Әл-ауқат калькуляторы неге бәріне ашылмайды: министрлік жауап берді
3 күн бұрын
-
Қазақстанда кадр дағдарысы: Еңбек нарығында қай мамандарға сұраныс көп?
3 күн бұрын
-
Адамды автобусқа итеріп кіргізген видео тарады: Алматы әкімдігі түсініктеме берді
3 күн бұрын
-
Үш ай бойы іздеген: Оңтүстік Кореяда 21 жастағы қазақстандық қамауға алынды
3 күн бұрын
-
Компьютер алдында шаршағандарға ем: Көңіл-күйді 30 секундта көтеретін әдеттер
3 күн бұрын