Премьер-министр отсавкаға кетті: Қарулы топтар басып алған Гаитиде не болып жатыр?
Гаити премьер-министрі Анридің отставкаға кеткені белгілі болды. Елді басып алған қарулы топтың кейбір мүшесі осыны талап еткен болатын, деп хабарлайды Qrnews.kz тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.
Ең ықпалды бандиттердің бірі, Барбекю деген лақап аты бар Джимми Шеризье премьер-министрді отставкаға кетуге шақырған болатын.
«Егер Ариэль Анри кетпесе және халықаралық қоғамдастық оны қолдауды жалғастырса, мұның арты геноцидпен аяқталатын азаматтық соғысқа әкеп соғады», - деген еді өткен аптада Шеризье.
Кариб қауымдастығының (аймақтық блок) мүшелері де оның отставкаға кетуіне шақырды: олар Анридің билікте қалуы өтпелі үкіметтің құрылуына кедергі келтіретінін айтқан болатын.
Анри 2021 жылдың шілдесінде президент өлтірілгеннен кейін Гаитиді уақытша көшбасшы ретінде басқарды және бірнеше рет сайлау өткізуге уәде берді. Бірақ олар кейінге қала берді немесе тіптен болмай қалды.
Ел астанасы Порт-о-Пренстегі қақтығыстар демалыс күндері одан сайын күшейе түсті. Қатты қаруланған бұзақылар Ұлттық сарайға (президент резиденциясы) шабуыл жасап, Ішкі істер министрлігі ғимаратының бір бөлігін өртеп жіберді. Бұған дейін халықаралық әуежай үнемі шабуылдарға ұшыраған. Оның жұмысы әлі де тоқтап тұр.
Бұл дағдарысқа ұшыраған мемлекеттің аумағына еніп үлгергендердің арасында АҚШ-тың әскери тобы бар.
Мемлекеттік департаменттің сұрауын алғаннан кейін Пентагон Гаитиде Порт-о-Пренстегі АҚШ елшілігінде «қауіпсіздікті күшейту» және қызметкерлерді эвакуациялау үшін операция жүргізіп жатқанын айтты.
Көп ұзамай Еуроодақ 2010 жылғы жойқын жер сілкінісінен (200 мың адамның өліміне әкелген) кейінгі ең ауыр гуманитарлық дағдарыс жағдайындағы Гаитиден барлық дипломаттарын эвакуациялайтынын мәлімдеді.
Алайда миллиондаған гаитиліктер ешқайда эвакуациялана алмайды. Жағдай қаншалықты нашар болса да, олар елде қалуға мәжбүр.
Елдегі саяси тығырыққа тірелген тұста қарулы қылмыстық топтардың күресі жалғасуда.
Гаитиде премьер-министрдің жоқтығынан және үкіметтің жұмысы бұзылғандықтан, қарулы топтар Порт-о-Пренстің 80 пайызын басып алған.
Саны жағынан қарулы топтардан әлдеқайда аз, рухы басылған полиция жасақтары тонаушылар мен бүлікшілерге қарсы төтеп бере алмайды.
Биліктегі бейберекеттік пен көшелерде қарулы адамдардың болуына қарамастан қала тұрғындары күнкөріс қамы үшін әлі де үйлерінен шығуға мәжбүр.
Гаити мәселесін көршілес Ямайкада өтіп жатқан Кариб теңізі қауымдастығының (Орталық және солтүстік-шығыс Оңтүстік Америка елдерінің аймақтық тобы) төтенше саммитіне қатысушылар талқылайды.
Бұл елдегі тұрақсыздық Кариб теңізі аймағының барлық елдері үшін де, АҚШ үшін де проблемаға айналды.
11 миллион халқы бар елді қарулы бандалар басқарады деген ой үлкен алаңдаушылық тудырады. Әсіресе, бұл президенттік сайлау жылында Америка Құрама Штаттарына иммигранттардың жаңа ағынын тудыруы мүмкін екенін ескерсек.
БҰҰ Гаитидегі бандалармен күресу үшін Кения бастаған жедел әрекет ету күштерін жіберу жоспарын қолдады. Дегенмен, оны жүзеге асыратын күн жақын емес.
Өткен аптада астаналық түрмеден 4000-ға жуық тұтқын қашып кеткеннен кейін Порт-о-Пренсте зорлық-зомбылық пен заңсыздық күрт өсті. Қазір бұл қылмыскерлердің барлығы көшеде жүр, олар қарулы топтардың қатарына қосылып жатыр.
Гаитиде болып жатқан жағдай бұл елде «қалыптаспаған мемлекет» тұжырымдамасының іске асып жатқанын көрсетеді: премьер-министр өз отанына орала алмайды, астананы қарулы бандалар басқарады және көшелерде мәйіттер барған сайын көбейіп барады.
Соңғы жаңалықтар
-
Макрон шеруге шыққандарға қатаң шаралар қолданбақ
55 минут бұрын
-
Тоқаев: Кейбір әлеуметтік жеңілдіктер жымқыру негізінде беріліп жатыр
1 сағат бұрын
-
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені екінші рет қатарынан төмендетті
1 сағат бұрын
-
"Мұнайшыларды наразылыққа итермеледі": ҰҚК тергеу жүргізіп жатыр
1 сағат бұрын
-
Қазақстанда жоғары оқу орындарындағы оқу мерзімі үш жылға қысқаруы мүмкін
1 сағат бұрын
-
Қашаған дауы: арбитраж Қазақстанның 12 млрд долларлық талабын қанағаттандырмады
1 сағат бұрын
-
Үй сатып алмақ болғандарға ескерту: бірқатар қызмет бірнеше күнге тоқтайды
8 сағат бұрын
-
Франция мен Италиядағы сценарий қайталануы мүмкін: Германия неден қауіптенеді
8 сағат бұрын
-
Тоқаев Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады
8 сағат бұрын
-
Қазақстанда iPhone Duo ресми сатылымға шықты: бағасы қанша
8 сағат бұрын
-
Астана, Алматы және Шымкенттен көшкендерге мемлекет ақша төлейді
1 күн бұрын
-
Тоқаев Қазақстандағы АЭС құрылысына қатысты тапсырма берді
1 күн бұрын
-
Қазақстанда қылмыс жасаған жасөспірімдердің әрбір екіншісі ауыр қылмысқа барған
1 күн бұрын
-
Отбасы банк комиссияны көтереді: Кімдерге әсер етеді?
1 күн бұрын
-
Ресейде соғысқа әкетілген қазақстандықтар елге орала бастады
1 күн бұрын
-
Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 41 ауылға интернет тартылды
1 күн бұрын
-
Соғысты тоқтату келіссөзі қайта басталуы мүмкін: Ресей мен Украина АҚШ ұсынысын қолдады
1 күн бұрын
-
Ресей Қазақстанға кірудің жаңа тәртібіне қатысты түсініктеме сұрады: Сыртқы істер министрлігі жауап берді
1 күн бұрын
-
«Жәрдемақыдан бас тартуды ұсынды»: Түркістан облысының тұрғыны мамандардың үйіне келгенін айтты
1 күн бұрын
-
Жарты жыл оқу, жарты жыл қызмет: Қазақстандық сарбаздар жаңа жүйемен әскерге барады
1 күн бұрын
-
Қанша қазақстандық зейнетақы жинағын жеке басқарушыларға сеніп тапсырды?
2 күн бұрын
-
Астанада печеньенің ішінен есірткі табылды
2 күн бұрын
-
Тоқаев мемлекеттік органдарды 16 жыл бойы бағалап келген жүйені жойды
2 күн бұрын
-
Дипфейк арқылы алматылық әйелдің атына төрт банк шоты ашылып, 36 млн теңге аударылған
2 күн бұрын
-
Зорлық болмай тұрып қауіп туралы белгі беріледі: Айжан Аймағанова жаңа жүйе ұсынды
2 күн бұрын
-
ШҚО-да 50 жылдан астам пайдаланылған ескі мектептің орнына жаңасы салынды
2 күн бұрын
-
Жаңа стадион салынған соң ескісі не болады? Алматылықтарды толғандырған сұраққа жауап
2 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап кімдерге атаулы әлеуметтік көмек берілмеуі мүмкін
2 күн бұрын
-
Астаналықтарды суық күнде кезекті сынақ күтіп тұр: Кімдер жылусыз қалады
2 күн бұрын
-
Бұрын-соңды болмаған «жаппай тазалау»: Трамптың екінші мерзімінде 300 мыңнан астам визаның күші жойылды
2 күн бұрын
-
Мұнай бағасы қайтадан 110 доллардан асты
2 күн бұрын
-
Еуропаның төрт ірі компаниясы Starlink-ке балама жасау үшін күш біріктірді
2 күн бұрын
-
Қазақстанда қандай жағдайда жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырады
2 күн бұрын
-
Алматыға 113 келі есірткі жеткізбек болған ағайындылар ұсталды
2 күн бұрын
-
«Ақтөбе» мен «Ордабасы» жазаланды: ҚФФ клубтарға ірі айыппұл салды
2 күн бұрын
-
Жасанды интеллект әлемін өзгерткен NVIDIA басшысы Қазақстанға келеді
3 күн бұрын
-
Қазақстанның жасанды интеллектіні дамыту саласындағы тәжірибесі ТүркПА-да таныстырылды
3 күн бұрын
-
Алматыда үш университет «жарылғыш зат қойылды» деген ақпараттан кейін тексерілді
3 күн бұрын
-
Садыр Жапаров ТүркПА-ға мүше елдер парламенттері басшыларымен кездесті
3 күн бұрын
-
Пашинян Жапаровты Қазақстан президенті деп атағаннан кейін хаттама қызметінің басшысын қызметінен босатты
3 күн бұрын
-
Өскемендегі кептеліске жаңа жол: әкім құрылыс барысын жеке тексерді
3 күн бұрын
-
Қорғаныс министрлігіне кеткен Савельеваның орнына жаңа депутат келді
3 күн бұрын
-
Navai қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін Қазақстаннан шығарылды
3 күн бұрын
-
Ким Чен Ынның қайтыс болғаны туралы ақпараттан кейін оның жаңа суреттері жарияланды
3 күн бұрын
-
Қазақстан АҚШ-қа тікелей рейсті қашан ашатыны белгілі болды
3 күн бұрын
-
Әл-ауқат калькуляторы неге бәріне ашылмайды: министрлік жауап берді
3 күн бұрын
-
Қазақстанда кадр дағдарысы: Еңбек нарығында қай мамандарға сұраныс көп?
3 күн бұрын
-
Адамды автобусқа итеріп кіргізген видео тарады: Алматы әкімдігі түсініктеме берді
3 күн бұрын
-
Үш ай бойы іздеген: Оңтүстік Кореяда 21 жастағы қазақстандық қамауға алынды
3 күн бұрын
-
Компьютер алдында шаршағандарға ем: Көңіл-күйді 30 секундта көтеретін әдеттер
3 күн бұрын