Орталық Азияның қос алпауыты әуе кеңістігін кеңейтеді: Қазақстаннан Өзбекстанға қатынайтын рейстер саны артады

Редакция
05 қараша 2026, 12:12
Орталық Азияның қос алпауыты әуе кеңістігін кеңейтеді: Қазақстаннан Өзбекстанға қатынайтын рейстер саны артады Сурет авторы: Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі

Ташкентте өткен «Қытай – Орталық Азия» (C5+1) азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының конференциясы аясында Қазақстан мен Өзбекстанның авиациялық билігі маңызды келісімге қол жеткізді. Енді екі ел арасындағы әуе қатынасы жаңа деңгейге көтеріледі.

Қазақстан Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, тараптар «Алматы – Ташкент» және «Астана – Ташкент» маршруттарының әрқайсысы бойынша аптасына 60 рейске дейін ұшуға рұқсат беруге келісті. Мұндай қадам қос мемлекеттің басты қалалары арасындағы жолаушылар ағынын еселеуге жол ашады.

Бұдан бөлек, екі ел арасындағы өзге барлық әуе бағыттары бойынша рұқсат етілген рейстер саны аптасына 14-тен 20-ға дейін көбейтілмек. Көлік министрлігі бұл шешім ең көп сұранысқа ие бағыттардағы билеттер ұсынысын арттырып, әуе тасымалының қолжетімділігін елеулі түрде жақсартады деп сендіреді.

 

Соңғы жаңалықтар