Президент Жолдауы: ШҚО-да 2027 жылға арналған міндеттер айқындалды
Сурет авторы: ШҚО әкімдігі
Шығыс Қазақстан облысында Президенттің «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған облыс активінің отырысы өтті. Жиынға өңір әкімі Нұрымбет Сақтағанов төрағалық етті. Басқосуда экономика, тұрғын үй құрылысы, денсаулық сақтау, цифрландыру және өнеркәсіпті дамыту мәселелері қаралды.
Облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрсұлтан Маратов Мемлекет басшысы халықтың табысын арттыру мен инфляцияны тежеуді басты міндеттердің бірі ретінде белгілегенін айтты.
«1 қарашадағы жағдай бойынша өңірдегі жылдық инфляция 9 пайызды құрады. Қалалар мен аудандарда бағаның өсуіне әсер ететін себептерді жою қажет. Атап айтқанда, тауар тапшылығын болдырмау, сақтау кезіндегі шығынды азайту, тасымал шығындарын қысқарту және өндіруші мен тұтынушы арасындағы артық делдалдарды азайту маңызды. Өңірде халық табысын арттырудың 2026–2029 жылдарға арналған кешенді жоспары іске асырылып жатыр. Оның аясында тұрақты жұмыс орындарын ашуға, мамандар даярлауға, кәсіпкерлік пен өзін-өзі жұмыспен қамтуды дамытуға басымдық беріледі», – деді Нұрсұлтан Маратов.
Тұрғын үй құрылысы қарқын алады
Облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Руфат Акрамовтың мәліметінше, 2025 жылы Шығыс Қазақстанда 407,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Биыл бұл көрсеткішті 408,4 мың шаршы метрге жеткізу жоспарланып отыр.
Қазір өңірде жалпы ауданы 961,1 мың шаршы метр тұрғын үй салынып жатыр. Оның 859,8 мың шаршы метрі көппәтерлі үйлерге, 101,3 мың шаршы метрі жеке тұрғын үйлерге тиесілі.
Денсаулық сақтау саласындағы маңызды жобалардың бірі – Өскемендегі Гематология орталығының құрылысы аяқталды. Бұл Қазақстанда баламасы жоқ медициналық нысан ретінде таныстырылды. Сонымен қатар қалада 300 орындық көпбейінді аурухана салынып жатыр. Оны 2027 жылдың желтоқсанында пайдалануға беру жоспарланған.
Бұдан бөлек, Онкология және хирургия орталығының хирургиялық ғимаратын қайта жаңарту, Ана мен бала орталығының стационарын перзентханаға бейімдеу жұмыстары жүргізілуде. Екі нысанды да жыл соңына дейін ашу көзделген.
Спорт нысандарының құрылысы да жалғасып жатыр. Өскеменде Волейбол орталығы салынып, қазан айының соңында Республикалық ұлттық үстел теннисі академиясының спорт кешенінің құрылысы басталды.
Алты жылда 45 медициналық нысан ашылды
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жігітаев өңірде медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру, ауруханаларды жаңарту және маман тапшылығын азайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
«2021–2026 жылдары облыста 45 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді. Жас мамандарды тарту үшін медициналық ұйымдардың басшылары Семей медициналық университетінің түлектерімен кездесулер өткізуде. Ауылға жұмысқа барған 28 медицина қызметкеріне біржолғы ақшалай төлем берілді. Сонымен қатар дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлініп отыр. 2026 жылы 29 маман шетелдің жетекші клиникаларында білімін жетілдірді. Оқу Германия, Израиль, Ресей, Түркия және Беларусь елдерінде ұйымдастырылды», – деді Төлеген Жігітаев.
204 елді мекен жоғары жылдамдықты интернетке қосылады
ШҚО Цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Қайрат Бимағамбетов өңірде жүзеге асырылып жатқан цифрлық жобалар туралы баяндады.
Оның айтуынша, «Ақпараттық технологиялар орталығы» негізінде Аймақтық талдау орталығы жұмыс істейді. Мұнда 108 ведомстволық цифрлық тізілім жасалған. Қала инфрақұрылымын бақылау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары мен арнайы датчиктер пайдаланылады.
«Орталыққа 25 экологиялық бекеттен, жылумен жабдықтау жүйесіндегі 23 датчиктен, тұрмыстық қалдықтарды бақылау жүйесінен және гидрологиялық бекеттерден мәлімет түседі. Қазір 569 қоқыс контейнері алаңы мен 52 арнайы техника цифрлық бақылауға алынған. Бұл қоқыс шығару кестесінің сақталуын қадағалауға мүмкіндік береді», – деді басқарма басшысы.
Өңірде 243 фото және бейнетіркеу құрылғысын біріктіретін «Мерген» жүйесі де жұмыс істейді. Алты ұшқышсыз ұшу аппараты арқылы 10 мың гектардан астам аумақ зерттелген. Сондай-ақ 24 гидрологиялық бекеттің жұмысы автоматтандырылған.
Қазір облыс халқының 99 пайызы тұратын елді мекендер байланыс және интернетпен қамтылған. «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында тағы 204 елді мекенге жоғары жылдамдықты интернет жеткізу жоспарланып отыр.
Өңірде 250-ге жуық пайдалы қазба кен орны бар
Облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Исатай Аңсат Шығыс Қазақстанның жер қойнауын игеру мүмкіндіктеріне тоқталды.
Оның айтуынша, облыста пайдалы қазбалардың 250-ге жуық кен орны бар. Соның 129-ы кең таралған пайдалы қазбалар қатарына жатады. Бұл қорлар тұрғын үй және инфрақұрылым құрылысына қажетті материалдар өндіру үшін маңызды.
«Облыстың құрылыс материалдарына деген сұранысын толық қамтамасыз ету үшін жергілікті шикізат қорын тиімді пайдалануымыз керек. Сонымен бірге өнеркәсіптік игеруге болатын жаңа кен орындарын іздеу және барлау жұмыстарына басымдық беріліп отыр. Ол үшін өңірдің минералдық-шикізат қорына жан-жақты талдау жүргізіліп, болашағы бар және қосымша қор ретінде қарастырылатын кен орындары анықталады. Оларды игерудің тиімділігі бағаланып, геологиялық барлау жұмыстары жүргізіледі», – деді Исатай Аңсат.
Осы бағыттағы жұмысты үйлестіру үшін облыс әкімінің жанынан Критикалық материалдар және тұрақты металлургия жөніндегі жобалық кеңсе құрылған. Оның міндеті – ғылыми ұйымдар, жоғары оқу орындары мен өнеркәсіп кәсіпорындарының байланысын нығайтып, өңірдің ғылыми-технологиялық мүмкіндіктерін дамыту.
Жоба аясында ірі кәсіпорындарды тарту, оларға Шығыс Қазақстанның өндірістік және шикізаттық әлеуетін таныстыру көзделіп отыр.
Облыс әкімі 2027 жылға арналған құрылыс жобаларын әзірлеуді тапсырды
Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов 2027 жыл – Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы Шығыс Қазақстан үшін нақты нәтижелерге қол жеткізетін кезең болуы керектігін айтты. Оның сөзінше, жаңа нысандар салумен қатар, қолданыстағы инфрақұрылымның сапасын жақсарту маңызды.
«2027 жылға арналған басым құрылыс жобаларының жинақталған тізімін әзірлеу қажет. Денсаулық сақтау саласында алғашқы медициналық көмектің, мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруымыз керек. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, қала және аудан әкімдері өңірдің минералдық-шикізат қорына талдау жасап, сирек және сирек жер металдарын қоса алғанда, геологиялық барлаудың келешегі бар бағыттарын айқындауы тиіс», – деді өңір басшысы.
Нұрымбет Сақтағанов Президент бастамаларын қолдау жеткіліксіз екенін, оларды жергілікті жерде жүзеге асыратын нақты шаралар қажет екенін атап өтті.
«Біздің міндетіміз – Мемлекет басшысының бастамаларын қолдайтынымызды айтумен ғана шектелмей, оларды іске асырудың нақты жолдарын белгілеу. Әр тапсырма мемлекеттік органдардың күнделікті жұмысынан көрініс тауып, оның нәтижесін халық сезінуі керек», – деді облыс әкімі.
Соңғы жаңалықтар
-
Қазақстанның мұнайы қанша жылға жетеді? «ҚазМұнайГаз» басшысы жауап берді
39 минут бұрын
-
Президент Жолдауы: ШҚО-да 2027 жылға арналған міндеттер айқындалды
1 сағат бұрын
-
Енді әркім өз зейнетақысының тағдырын өзі шешеді
1 сағат бұрын
-
«Ұлымды өлтіргеніне дәлелім бар»: әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары әділдік талап етті
1 сағат бұрын
-
Көлік арзандауы мүмкін: министр себебін түсіндірді
2 сағат бұрын
-
Астана – Петропавл тасжолындағы апат: жараланған полицей қайтыс болды
2 сағат бұрын
-
Елде ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы басталады: Қаражаттың жұмсалуын кімдер бақылайды?
3 сағат бұрын
-
6,5 трлн теңге: Ұлттық қордың ақшасына не салынады?
4 сағат бұрын
-
Қазақстан 3,4 млрд юань қарыз алмақ: Ол қайда жұмсалады?
4 сағат бұрын
-
Бектенов «Самұрық-Қазына» басшылығын сынға алды: себебі белгілі болды
4 сағат бұрын
-
Трамп Израильге берілетін миллиардтаған доллар көмекті тоқтататынын мәлімдеді
5 сағат бұрын
-
Қазақстанда тағы бір сала мамандарының табысы артуы мүмкін
5 сағат бұрын
-
Ташкенттегі жаппай улану: Зардап шеккен балалар елге қайтарыла бастады
5 сағат бұрын
-
Дәрі орнына есірткі: Фармкомпания басшылары күдікке ілінді
5 сағат бұрын
-
Қазақстанда заңсыз казино ұйымдастырған Ресей мен Украина азаматтары іздестіріліп жатыр
6 сағат бұрын
-
«20 жылдан бері террористпін»: Атырауда екі әйелдің тікелей эфирі сотқа ұласты
7 сағат бұрын
-
Құрылтайда Жолдаудағы агросектор, су ресурстары және экологияға қатысты міндеттерді іске асыру жолдары талқыланды
22 сағат бұрын
-
Тоқаев Көлік министрін ауыстырды
22 сағат бұрын
-
Қазақстандық балалардың жаппай улануы: Өзбекстанда қылмыстық іс қозғалды
1 күн бұрын
-
Қазақстанда тегін берілетін дәрілер тізімі өзгерді
1 күн бұрын
-
Неге жалақы тек учаскелік дәрігерлерге өседі: Әлназарова түсіндірді
1 күн бұрын
-
«7-20-25»: 2027 жылы ипотекаға қанша қаржы бөлінетіні белгілі болды
1 күн бұрын
-
Қазақстан мұнайын тасымалдайтын бағыт Ресейдегі дрон шабуылынан кейін уақытша тоқтады
1 күн бұрын
-
Қазақстанның ең қарт тұрғыны 116 жасында өмірден өтті
1 күн бұрын
-
Қазақстанда үш жаңа әуежай қашан ашылатыны белгілі болды
1 күн бұрын
-
«Ұмай» ипотекасы қайта басталды: екінші кезеңге 20 млрд теңге бөлінді
1 күн бұрын
-
Кеңес дәуірінің марапаты үшін жәрдемақы төлене ме: Көпбалалы ана Конституциялық сотқа жүгінді
1 күн бұрын
-
Қарызды аз көрсетіп, несие беруді оңайлатқан ба: 11 ірі банк тексеріледі
1 күн бұрын
-
Кремль Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына қатыстыру туралы Тоқаевтың ұсынысын қолдады
1 күн бұрын
-
Мобильді аударымдар жаңаша бақыланады: нені білу керек?
2 күн бұрын
-
Елімізде тағы бір жолбарыс еркіндікке жіберілді: Амур есімді жыртқыш енді өз бетінше аң аулайды
2 күн бұрын
-
Астана мен Алматы мәслихаты сайлауы: Бір депутаттық орынға қанша кандидат үміткер
2 күн бұрын
-
Қазақстандық жас футболшылар Ташкентте ауруханаға түсті: СІМ мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Қазақстанда 78 медициналық ұйым лицензиясынан айырылды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда биыл қыс қандай болады: синоптиктер болжам жасады
2 күн бұрын
-
Неге биыл Абай сыйлығы берілмеді: Қарин сыйлықты беру тәртібі қалай өзгеретінін айтты
2 күн бұрын
-
Шетелдіктерге жаңа талап, бизнеске шектеу: қарашада Қазақстанда не өзгереді
2 күн бұрын
-
ОТАНДЫҚ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ӨНІМІ САУДА СӨРЕЛЕРІНЕ КЕДЕРГІСІЗ ЖЕТУІ КЕРЕК – ДЕПУТАТ
2 күн бұрын
-
ҚАЗАҚСТАНДА ЭЛИТАЛЫҚ ТҰҚЫМ ҮЛЕСІ 12%-ҒА ЖЕТТІ
3 күн бұрын
-
Кімасар шатқалында 1,5 мың жатаған шыршасы отырғызылды
3 күн бұрын
-
Құрылтайда цифрлық экономиканы ескере отырып жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу жөніндегі Президенттің бастамасы талқыланды
4 күн бұрын
-
24 миллион тонна астқы: қазақстанда соңғы 15 жылдағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі тіркелді
4 күн бұрын
-
Кәсіподақтың миллиондарын кім басқарды? Сот Боқаевтың алаяқтық әрекеттеріне қатысты мән-жайларды анықтауда
4 күн бұрын
-
«Платите кредиты за меня, а я платить буду вам»: женщина в Instagram обманула 19 человек на 155 млн тенге
5 күн бұрын
-
Президент Жолдауы: ШҚО-да инфрақұрылым жаңарып, жаңа экономикалық мүмкіндіктер ашылады
6 күн бұрын
-
Тоқаев бизнесті тексеруге үш жылдық мораторий енгізуді ұсынды
1 апта бұрын
-
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін өседі
1 апта бұрын
-
Тоқаев: «Балқаш» АЭС құрылысын келесі жылы бастау қажет
1 апта бұрын
-
Тоқаев: Тәуелсіздігіміз бен егемендігімізді қорғауға қатысты барлық мәселе шешілген жоқ
1 апта бұрын
-
Тоқаев: Ұлттық қордан 6,5 трлн теңге бөлінеді
1 апта бұрын