Криштиану Роналду Португалия құрамасынан кететінін жариялады

Абдрахманов Мағжан
05 қараша 2026, 16:11
Криштиану Роналду Португалия құрамасынан кететінін жариялады Сурет авторы: Playmakerstats

Португалиялық футболшы Криштиану Роналду ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. 41 жастағы шабуылшы қарашадағы халықаралық матчтардан кейін құрамамен қоштасуды жоспарлап отыр.

Роналду әлеуметтік желіде жариялаған қоштасу жазбасында бұл шешімді қабылдау оңай болмағанын айтты.

«№7 жейдені тапсыратын күн келді. Бұл оңай шешім болған жоқ. Кейбір шешімдерді тек ақылмен емес, жүрекпен де қабылдайсың», – деді футболшы.

Ол Португалия құрамасында өткізген жылдарын еске алып, жанкүйерлеріне, бапкерлеріне, командаластарына және отбасына алғыс білдірді.

23 жылда 146 гол соқты

Криштиану Роналду Португалия құрамасында 2003 жылдан бері ойнап келеді.

Осы уақыт ішінде ол ұлттық құрама сапында 234 матч өткізіп, 146 гол соқты. Екі көрсеткіш бойынша да ерлер арасындағы халықаралық футболдың рекордын орнатты.

Роналду Португалия құрамасымен бірге 2016 жылы Еуропа чемпионы атанды. Сондай-ақ 2019 және 2025 жылдары Ұлттар лигасында жеңіске жетті.

Футболшы қоштасу жазбасында өзі үшін голдар мен жүлделерден гөрі елінің намысын қорғаудың маңызы жоғары болғанын атап өтті.

«Өмір бойы әлемнің үздік футболшысы болуға ұмтылдым. Бүгін ең үлкен жеңісім – елімнің атынан өнер көрсету құрметіне ие болғаным екенін түсіндім», – деді Роналду.

Оның ұлттық құрамадағы мансабы 23 жылға созылды.

Соңғы жаңалықтар