6 заң, 27 депутаттық сауал: Құрылтай қазанда қандай жұмыс атқарды?
Сурет авторы: Құрылтайдың баспасөз қызметі
Қазақстанның Құрылтайы қазан айында алты заң қабылдап, 41 заң жобасын қарады. Сондай-ақ екі заңға Президент қол қойды. Бұл туралы Құрылтайдың қазан айындағы жұмыс қорытындысында айтылған.
Есепті кезеңде Құрылтайдың бес отырысы, комитеттердің 38 отырысы және жұмыс топтарының 68 отырысы өтті. Бұдан бөлек, екі дөңгелек үстел мен комитеттің бір көшпелі отырысы ұйымдастырылды.
2027–2029 жылдарға арналған бюджет қаралды
Қазан айында Құрылтай 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджетті бірінші оқылымда қарады.
Депутаттар әлеуметтік міндеттемелерді орындау, бизнес пен агроөнеркәсіп кешенін қолдау, өңірлерді дамыту, мемлекеттік инвестициялар мен Ұлттық қор қаражатының жұмсалуын бақылауға қатысты ұсыныстар енгізді.
Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр?
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында жаңа Азаматтық кодекстің жобасын әзірлеу жұмысы басталды.
Сондай-ақ жұмыс топтарында мүгедектігі бар балаларды қолдау, энергияны үнемдеу және баламалы энергетиканы дамыту, интернет платформалары мен бұқаралық ақпарат құралдарын реттеу, көші-қон саясатына қатысты мәселелер қаралып жатыр.
Кітапхана және кітап басып шығару ісі туралы заң жобасы Үкіметке жолданды.
Бұдан бөлек, 2026 жылғы желтоқсанда «Экономиканың нақты секторын цифрлық түрлендіру» тақырыбында тыңдау өткізу жоспарланған.
Құрылтайда қандай жаңа құрылымдар құрылды?
Қазан айында мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылды. Оның мақсаты – өңірлердің заң әзірлеу жұмысына қатысуын қамтамасыз ету және заңдардың қолданылуына қатысты ұсыныстарын ескеру.
Сондай-ақ «Қазақстан балалары» депутаттық тобы құрылды. Топ балалардың құқықтары мен әл-ауқатына қатысты мәселелермен айналысып, олардың мүддесіне сай бастамаларды ілгерілетуді көздейді.
Депутаттар қанша азаматты қабылдады?
Қазан айында Құрылтай депутаттары 20 жеке қабылдау өткізіп, 271 азаматтың өтінішін тыңдады.
Оның ішінде 243 өтініш бойынша түсіндіру жұмысы жүргізіліп, 28 өтінішке қатысты уәкілетті мемлекеттік органдарға хат жолданды.
Азаматтар көбіне сот ісін жүргізу, заңнаманы жетілдіру, әлеуметтік қолдау және тұрғын үй мәселелерін көтерген.
Құрылтайдың мәліметінше, депутаттардың көмегімен азаматтарды жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек көрсету, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында қабылдау ұйымдастыруға қатысты мәселелер шешілген.
Қандай депутаттық сауалдар жолданды?
Құрылтай отырыстарында 27 депутаттық сауал жолданды.
Оларда білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, дербес деректерді қорғау, тұрғын орта сапасы, көлік және басқа да салалардағы мәселелер көтерілді.
Атап айтқанда, депутат Д. Ділдәбек жастардың есірткі қылмыстарына және есірткі тасымалдауға тартылуының алдын алу шараларын күшейтуді ұсынды.
Ал депутат А. Аймағанова тұрмыстық зорлық-зомбылық қаупін ерте анықтауға арналған «Электрондық қорғаныс аймағы» сынақ жобасын енгізу мәселесін көтерді.
Халықаралық кездесулерде қандай мәселелер талқыланды?
Қазан айында Құрылтай делегациясы Бішкекте өткен Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясының XV жалпы отырысына қатысты. Жиында жасанды интеллект дәуіріндегі парламенттік ынтымақтастық мәселелері талқыланып, Бішкек декларациясы қабылданды.
Сондай-ақ Душанбе қаласында өткен Орталық Азия мемлекеттерінің IV Парламентаралық форумында өңірдегі бейбітшілік, қауіпсіздік және өркендеу мәселелері қаралды.
Құрылтай депутаттары Парламентаралық одақтың 153-ші Ассамблеясына, ТМД Парламентаралық ассамблеясы мен ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясының іс-шараларына қатысты.
Халықаралық парламенттік комиссиялар аясында депутат С. Егизбаев ТМД Парламентаралық ассамблеясының аграрлық саясат, табиғи ресурстар және экология жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып сайланды.
Ал М. Қожаев ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясының саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комиссиясын басқаруға сайланды.
Ақпараттық жұмыс қалай жүргізілді?
Қазан айында Құрылтай заң шығару жұмысының өзекті мәселелері бойынша үш баспасөз мәслихатын өткізді.
Құрылтайдың әлеуметтік желілерінде депутаттар мен комитеттердің қызметі туралы 140-қа жуық жарияланым жарық көрді.
Сондай-ақ депутаттар Президент Жолдауын түсіндіру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жүргізген.
Соңғы жаңалықтар
-
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер іріктелді
35 минут бұрын
-
Криштиану Роналду Португалия құрамасынан кететінін жариялады
1 сағат бұрын
-
Қазақстандықтардың банктегі депозитіне салық салына ма? Министрлік жауап берді
1 сағат бұрын
-
ҰҚК бейнебақылаудың жаңа тәртібін бекітті: бейнежазбаларға кімдер қол жеткізе алады?
1 сағат бұрын
-
Маңғыстаудағы әскерилердің қазасы: 300-ден астам адамнан жауап алынды
2 сағат бұрын
-
Алматы метросында жолаушыларды кіргізбей қойды: себебі белгілі болды
4 сағат бұрын
-
Орталық Азияның қос алпауыты әуе кеңістігін кеңейтеді: Қазақстаннан Өзбекстанға қатынайтын рейстер саны артады
5 сағат бұрын
-
6 заң, 27 депутаттық сауал: Құрылтай қазанда қандай жұмыс атқарды?
5 сағат бұрын
-
Аустралияда 5 миллион аккаунт жабылды: Әлеуметтік желіге кіруге тыйым салған заң сотта қаралып жатыр
6 сағат бұрын
-
Қазақстанда Stadler пойыздары қатынай бастайды: билет бағасы мен кестесі белгілі болды
6 сағат бұрын
-
Павлодарда екі оқушы қызға жыныстық зорлық жасады деген күдіктілер қамауға алынды
7 сағат бұрын
-
Мектептегі жөндеу мен мұғалімге сыйлық: Ата-аналар қандай шығындарды төлеуге міндетті емес?
7 сағат бұрын
-
Қазақстанның мұнайы қанша жылға жетеді? «ҚазМұнайГаз» басшысы жауап берді
1 күн бұрын
-
Президент Жолдауы: ШҚО-да 2027 жылға арналған міндеттер айқындалды
1 күн бұрын
-
Енді әркім өз зейнетақысының тағдырын өзі шешеді
1 күн бұрын
-
«Ұлымды өлтіргеніне дәлелім бар»: әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары әділдік талап етті
1 күн бұрын
-
Көлік арзандауы мүмкін: министр себебін түсіндірді
1 күн бұрын
-
Астана – Петропавл тасжолындағы апат: жараланған полицей қайтыс болды
1 күн бұрын
-
Елде ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы басталады: Қаражаттың жұмсалуын кімдер бақылайды?
1 күн бұрын
-
6,5 трлн теңге: Ұлттық қордың ақшасына не салынады?
1 күн бұрын
-
Қазақстан 3,4 млрд юань қарыз алмақ: Ол қайда жұмсалады?
1 күн бұрын
-
Бектенов «Самұрық-Қазына» басшылығын сынға алды: себебі белгілі болды
1 күн бұрын
-
Трамп Израильге берілетін миллиардтаған доллар көмекті тоқтататынын мәлімдеді
1 күн бұрын
-
Қазақстанда тағы бір сала мамандарының табысы артуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Ташкенттегі жаппай улану: Зардап шеккен балалар елге қайтарыла бастады
1 күн бұрын
-
Дәрі орнына есірткі: Фармкомпания басшылары күдікке ілінді
1 күн бұрын
-
Қазақстанда заңсыз казино ұйымдастырған Ресей мен Украина азаматтары іздестіріліп жатыр
1 күн бұрын
-
«20 жылдан бері террористпін»: Атырауда екі әйелдің тікелей эфирі сотқа ұласты
1 күн бұрын
-
Құрылтайда Жолдаудағы агросектор, су ресурстары және экологияға қатысты міндеттерді іске асыру жолдары талқыланды
1 күн бұрын
-
Тоқаев Көлік министрін ауыстырды
1 күн бұрын
-
Қазақстандық балалардың жаппай улануы: Өзбекстанда қылмыстық іс қозғалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда тегін берілетін дәрілер тізімі өзгерді
2 күн бұрын
-
Неге жалақы тек учаскелік дәрігерлерге өседі: Әлназарова түсіндірді
2 күн бұрын
-
«7-20-25»: 2027 жылы ипотекаға қанша қаржы бөлінетіні белгілі болды
2 күн бұрын
-
Қазақстан мұнайын тасымалдайтын бағыт Ресейдегі дрон шабуылынан кейін уақытша тоқтады
2 күн бұрын
-
Қазақстанның ең қарт тұрғыны 116 жасында өмірден өтті
2 күн бұрын
-
Қазақстанда үш жаңа әуежай қашан ашылатыны белгілі болды
2 күн бұрын
-
«Ұмай» ипотекасы қайта басталды: екінші кезеңге 20 млрд теңге бөлінді
2 күн бұрын
-
Кеңес дәуірінің марапаты үшін жәрдемақы төлене ме: Көпбалалы ана Конституциялық сотқа жүгінді
2 күн бұрын
-
Қарызды аз көрсетіп, несие беруді оңайлатқан ба: 11 ірі банк тексеріледі
2 күн бұрын
-
Кремль Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына қатыстыру туралы Тоқаевтың ұсынысын қолдады
2 күн бұрын
-
Мобильді аударымдар жаңаша бақыланады: нені білу керек?
3 күн бұрын
-
Елімізде тағы бір жолбарыс еркіндікке жіберілді: Амур есімді жыртқыш енді өз бетінше аң аулайды
3 күн бұрын
-
Астана мен Алматы мәслихаты сайлауы: Бір депутаттық орынға қанша кандидат үміткер
3 күн бұрын
-
Қазақстандық жас футболшылар Ташкентте ауруханаға түсті: СІМ мәлімдеме жасады
3 күн бұрын
-
Қазақстанда 78 медициналық ұйым лицензиясынан айырылды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда биыл қыс қандай болады: синоптиктер болжам жасады
3 күн бұрын
-
Неге биыл Абай сыйлығы берілмеді: Қарин сыйлықты беру тәртібі қалай өзгеретінін айтты
3 күн бұрын
-
Шетелдіктерге жаңа талап, бизнеске шектеу: қарашада Қазақстанда не өзгереді
3 күн бұрын
-
ОТАНДЫҚ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ӨНІМІ САУДА СӨРЕЛЕРІНЕ КЕДЕРГІСІЗ ЖЕТУІ КЕРЕК – ДЕПУТАТ
3 күн бұрын