Қазақстанның ең қарт тұрғыны 116 жасында өмірден өтті

Абдрахманов Мағжан
03 қараша 2026, 12:20
Қазақстанның ең қарт тұрғыны 116 жасында өмірден өтті Сурет авторы: Ұлытау облысы әкімдігі

Қазақстанның ең қарт тұрғыны Түймегүл Темірбаева 116 жасында өмірден озды. Қаралы хабарды Ұлытау облысының әкімдігі жеткізді.

Түймегүл Темірбаева 1910 жылғы 1 қаңтарда Жамбыл облысының Байқадам ауданында дүниеге келген. 22 жасында Аязбай Темірбаевпен шаңырақ көтеріп, кейін жұбайымен бірге Жаңаарқа ауданына қоныс аударған. Содан бері осы өңірде 90 жылдан астам уақыт өмір сүрді.

Ерлі-зайыпты төрт бала тәрбиелеп өсірген. Түймегүл әже 15 немере, 25 шөбере сүйді.

Жұбайы Аязбай Темірбаев та ұзақ ғұмыр кешіп, 96 жасында өмірден өткен.

Соңғы жаңалықтар