Қазақстанда Stadler пойыздары қатынай бастайды: билет бағасы мен кестесі белгілі болды
Сурет авторы: "Жолаушылар тасымалы"
Қазақстанда Stadler компаниясы шығарған жаңа вагондардан құралған пойыздар 11 қарашадан бастап жолаушы тасымалдайды. Алғашқы пойыздар Астанадан Алматы мен Семейге қатынайды. Билеттер 5 қарашадан бастап сатылады, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» компаниясы.
Астана – Алматы бағытындағы алғашқы пойыз 11 қарашада, ал Астана – Семей бағытындағы пойыз 13 қарашада жолға шығады.
«Бүгінде "Жолаушылар тасымалы" АҚ Stadler компаниясы шығарған 100-ден астам вагонды қабылдады. Оларды кезең-кезеңімен пайдалануға беру жолаушылардың жайлылығын арттырып, қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді», – деді компанияның басқарма төрағасы Ануар Ахметжанов.
Жаңа вагондарда қандай жағдай жасалған?
Stadler вагондары Қазақстанның климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, Stadler Kazakhstan зауытында шығарылады.
Купелі вагондар 40 жолаушыға, ал ашық жатын орындары бар вагондар 56 жолаушыға арналған.
Вагондарда мынадай жабдықтар қарастырылған:
-
Ауа температурасын реттеу жүйесі;
-
Әр жолаушыға арналған жеке жарық шамдары;
-
220 вольттық электр розеткалары;
-
USB және USB-C қуаттау ұяшықтары;
-
Бейнебақылау жүйелері.
Сондай-ақ жүріп-тұруы қиын жолаушыларға арнайы жағдай жасалған. Пойыз құрамында тамақтануға арналған вагондар да болады.
Пойыздар қай уақытта жүреді?
Астана – Алматы бағыты
№3/4 «Нұрлы жол – Алматы-2» пойызы күн сайын қатынайды.
-
«Нұрлы жол» бекетінен сағат 13:10-да шығып, келесі күні 08:30-да «Алматы-2» бекетіне жетеді.
-
«Алматы-2» бекетінен 12:12-де шығып, келесі күні 07:03-те «Нұрлы жол» бекетіне келеді.
Астана – Семей бағыты
№153/154 «Нұрлы жол – Семей» пойызы айдың тақ күндері қатынайды.
-
«Нұрлы жол» бекетінен 16:40-та шығып, келесі күні 06:10-да Семейге жетеді.
-
Семейден 15:00-де шығып, келесі күні 05:05-те «Нұрлы жол» бекетіне келеді.
Билет қанша тұрады?
Жаңа пойыздардағы билет бағасы бағыт пен вагон түріне байланысты.
| Бағыт | Ашық жатын орын | Купе |
|---|---|---|
| Астана – Алматы | 12 126 теңгеден | 20 394 теңгеден |
| Астана – Семей | 8 722 теңгеден | 14 398 теңгеден |
Көрсетілген бағалар – билеттердің бастапқы құны.
Stadler пойыздары неге кешігіп іске қосылды?
Бұған дейін Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов Stadler вагондары қазан айының соңы мен қараша айының басында пайдалануға берілуі мүмкін екенін айтқан.
Алғашқы вагондарды «Жолаушылар тасымалы» компаниясына 2025 жылғы желтоқсанда тапсыру жоспарланған еді. Алайда жеткізу мерзімі кейінге шегерілді.
Бұған Швейцария мен Қазақстандағы техникалық талаптардың айырмашылығы, вагон құрылымын реттеу жұмыстары және анықталған техникалық ақаулар себеп болғаны хабарланды.
16 маусымда Премьер-министр Олжас Бектенов вагондарды жеткізуді жеделдетіп, алдағы уақытта мұндай кідірістерге жол бермеуді тапсырған.
Енді алғашқы Stadler пойыздары қараша айында жолаушы тасымалын бастайды. Жаңа вагондар кезең-кезеңімен пайдалануға беріледі.
Соңғы жаңалықтар
-
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер іріктелді
35 минут бұрын
-
Криштиану Роналду Португалия құрамасынан кететінін жариялады
1 сағат бұрын
-
Қазақстандықтардың банктегі депозитіне салық салына ма? Министрлік жауап берді
1 сағат бұрын
-
ҰҚК бейнебақылаудың жаңа тәртібін бекітті: бейнежазбаларға кімдер қол жеткізе алады?
1 сағат бұрын
-
Маңғыстаудағы әскерилердің қазасы: 300-ден астам адамнан жауап алынды
2 сағат бұрын
-
Алматы метросында жолаушыларды кіргізбей қойды: себебі белгілі болды
4 сағат бұрын
-
Орталық Азияның қос алпауыты әуе кеңістігін кеңейтеді: Қазақстаннан Өзбекстанға қатынайтын рейстер саны артады
5 сағат бұрын
-
6 заң, 27 депутаттық сауал: Құрылтай қазанда қандай жұмыс атқарды?
5 сағат бұрын
-
Аустралияда 5 миллион аккаунт жабылды: Әлеуметтік желіге кіруге тыйым салған заң сотта қаралып жатыр
6 сағат бұрын
-
Қазақстанда Stadler пойыздары қатынай бастайды: билет бағасы мен кестесі белгілі болды
6 сағат бұрын
-
Павлодарда екі оқушы қызға жыныстық зорлық жасады деген күдіктілер қамауға алынды
7 сағат бұрын
-
Мектептегі жөндеу мен мұғалімге сыйлық: Ата-аналар қандай шығындарды төлеуге міндетті емес?
7 сағат бұрын
-
Қазақстанның мұнайы қанша жылға жетеді? «ҚазМұнайГаз» басшысы жауап берді
1 күн бұрын
-
Президент Жолдауы: ШҚО-да 2027 жылға арналған міндеттер айқындалды
1 күн бұрын
-
Енді әркім өз зейнетақысының тағдырын өзі шешеді
1 күн бұрын
-
«Ұлымды өлтіргеніне дәлелім бар»: әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары әділдік талап етті
1 күн бұрын
-
Көлік арзандауы мүмкін: министр себебін түсіндірді
1 күн бұрын
-
Астана – Петропавл тасжолындағы апат: жараланған полицей қайтыс болды
1 күн бұрын
-
Елде ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы басталады: Қаражаттың жұмсалуын кімдер бақылайды?
1 күн бұрын
-
6,5 трлн теңге: Ұлттық қордың ақшасына не салынады?
1 күн бұрын
-
Қазақстан 3,4 млрд юань қарыз алмақ: Ол қайда жұмсалады?
1 күн бұрын
-
Бектенов «Самұрық-Қазына» басшылығын сынға алды: себебі белгілі болды
1 күн бұрын
-
Трамп Израильге берілетін миллиардтаған доллар көмекті тоқтататынын мәлімдеді
1 күн бұрын
-
Қазақстанда тағы бір сала мамандарының табысы артуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Ташкенттегі жаппай улану: Зардап шеккен балалар елге қайтарыла бастады
1 күн бұрын
-
Дәрі орнына есірткі: Фармкомпания басшылары күдікке ілінді
1 күн бұрын
-
Қазақстанда заңсыз казино ұйымдастырған Ресей мен Украина азаматтары іздестіріліп жатыр
1 күн бұрын
-
«20 жылдан бері террористпін»: Атырауда екі әйелдің тікелей эфирі сотқа ұласты
1 күн бұрын
-
Құрылтайда Жолдаудағы агросектор, су ресурстары және экологияға қатысты міндеттерді іске асыру жолдары талқыланды
1 күн бұрын
-
Тоқаев Көлік министрін ауыстырды
1 күн бұрын
-
Қазақстандық балалардың жаппай улануы: Өзбекстанда қылмыстық іс қозғалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда тегін берілетін дәрілер тізімі өзгерді
2 күн бұрын
-
Неге жалақы тек учаскелік дәрігерлерге өседі: Әлназарова түсіндірді
2 күн бұрын
-
«7-20-25»: 2027 жылы ипотекаға қанша қаржы бөлінетіні белгілі болды
2 күн бұрын
-
Қазақстан мұнайын тасымалдайтын бағыт Ресейдегі дрон шабуылынан кейін уақытша тоқтады
2 күн бұрын
-
Қазақстанның ең қарт тұрғыны 116 жасында өмірден өтті
2 күн бұрын
-
Қазақстанда үш жаңа әуежай қашан ашылатыны белгілі болды
2 күн бұрын
-
«Ұмай» ипотекасы қайта басталды: екінші кезеңге 20 млрд теңге бөлінді
2 күн бұрын
-
Кеңес дәуірінің марапаты үшін жәрдемақы төлене ме: Көпбалалы ана Конституциялық сотқа жүгінді
2 күн бұрын
-
Қарызды аз көрсетіп, несие беруді оңайлатқан ба: 11 ірі банк тексеріледі
2 күн бұрын
-
Кремль Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына қатыстыру туралы Тоқаевтың ұсынысын қолдады
2 күн бұрын
-
Мобильді аударымдар жаңаша бақыланады: нені білу керек?
3 күн бұрын
-
Елімізде тағы бір жолбарыс еркіндікке жіберілді: Амур есімді жыртқыш енді өз бетінше аң аулайды
3 күн бұрын
-
Астана мен Алматы мәслихаты сайлауы: Бір депутаттық орынға қанша кандидат үміткер
3 күн бұрын
-
Қазақстандық жас футболшылар Ташкентте ауруханаға түсті: СІМ мәлімдеме жасады
3 күн бұрын
-
Қазақстанда 78 медициналық ұйым лицензиясынан айырылды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда биыл қыс қандай болады: синоптиктер болжам жасады
3 күн бұрын
-
Неге биыл Абай сыйлығы берілмеді: Қарин сыйлықты беру тәртібі қалай өзгеретінін айтты
3 күн бұрын
-
Шетелдіктерге жаңа талап, бизнеске шектеу: қарашада Қазақстанда не өзгереді
3 күн бұрын
-
ОТАНДЫҚ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ӨНІМІ САУДА СӨРЕЛЕРІНЕ КЕДЕРГІСІЗ ЖЕТУІ КЕРЕК – ДЕПУТАТ
3 күн бұрын