Қазақстан мұнайын тасымалдайтын бағыт Ресейдегі дрон шабуылынан кейін уақытша тоқтады

Абдрахманов Мағжан
03 қараша 2026, 12:31
Қазақстан мұнайын тасымалдайтын бағыт Ресейдегі дрон шабуылынан кейін уақытша тоқтады Сурет авторы: istock

Ресейдің Самара облысындағы мұнай инфрақұрылымына дрондар шабуылдағаннан кейін «Атырау – Самара» құбырымен Қазақстан мұнайын тасымалдау уақытша тоқтатылды. Қазір мұнай айдау қайта басталып, құбыр қалыпты тәртіпте жұмыс істеп тұр, деп хабарлады Қазақстанның Энергетика министрлігі.

Оқиға 2 қараша күні Астана уақытымен сағат 06:09 шамасында болған. Дрондар Ресей аумағындағы Самара өндірістік-диспетчерлік торабына шабуыл жасаған. Салдарынан «Атырау – Самара» бағытымен мұнай тасымалы уақытша тоқтатылды. Зардап шеккендер жоқ.

Шабуылдан кейін нысанға техникалық тексеру жүргізілді. Энергетика министрлігінің 3 қарашадағы мәліметінше, мұнай айдау толық қалпына келтірілген және тасымал қалыпты тәртіпте жүріп жатыр.

«Атырау – Самара» мұнай құбыры Қазақстан мұнайын Ресей аумағы арқылы тасымалдауға мүмкіндік беретін экспорттық бағыттардың бірі.

Соңғы жаңалықтар