Аустралияда 5 миллион аккаунт жабылды: Әлеуметтік желіге кіруге тыйым салған заң сотта қаралып жатыр

Редакция
05 қараша 2026, 11:15
Аустралияда 5 миллион аккаунт жабылды: Әлеуметтік желіге кіруге тыйым салған заң сотта қаралып жатыр Сурет авторы: фото AP

Аустралияның Жоғарғы сотында 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерде тіркелуге және аккаунт ашуға тыйым салатын заңға қатысты екі конституциялық шағымды қарау бойынша сот отырысы басталды. Аталған исті америкалық Reddit онлайн-платформасы мен сиднейлік Digital Freedom Project құқық қорғау ұйымы түсірген.

Шағымданушы тараптардың мәлімдеуінше, өткен жылы күшіне енген бұл шектеулер Аустралия Конституциясында бекітілген балалардың саяси коммуникация бостандығы құқығына нұқсан келтіреді. Олардың пікірінше, бұл тыйым тым кең ауқымды әрі «нақты бағытталмаған» сипатқа ие, сондай-ақ Reddit сияқты платформалар жас шектеуі бар желілер тізіміне кірмеуі тиіс еді.

Осы орайда Аустралия үкіметінің өкілдері сотта бұл заңның жасөспірімдердің дамып келе жатқан миы мен психикалық денсаулығын қорғау үшін өмірлік маңызы бар екенін алға тартып отыр. Үкімет заңгері Джоанна Дэвидсон әлеуметтік желілердің алгоритмдері мен дизайн ерекшеліктері балалар үшін жеті түрлі қауіп төндіретінін атап өтті. Олардың қатарында:

  • Тәуелділік пен ұйқының бұзылуы;

  • Депрессиялық жағдайлар мен үрей (тревога);

  • Суицидтік ойлардың пайда болуы;

  • Тамақтану мінез-құлқының бұзылуы және СДВГ (назар тапшылығы мен гипербелсенділік синдромы) белгілерінің үдеуі.

Үкіметтің тағы бір заңгері Стивен Ллойд бұл тыйымның саяси коммуникация бостандығына тигізер ықпалы жанама әрі ауқымы бойынша елеусіз екенін мәлімдеді.

Енгізілген заңнамаға сәйкес, платформалар 16 жасқа толмаған пайдаланушылардың аккаунттарын жоюға міндеттелді. Талаптарды орындамаған компанияларға 49,5 миллион аустралиялық долларға (шамамен 34,5 миллион АҚШ доллары) дейін айыппұл салынуы мүмкін. Өткен жылдың желтоқсан айынан бері жарияланған ресми мәліметтерге қарағанда, елде 5 миллионға жуық әлеуметтік желі аккаунты бұғатталған.

Дегенмен үкімет өкілдері шектеудің күтілгендей толық тиімді болмай отырғанын мойындады. Құпиялылықты қорғау нормаларына байланысты платформаларға пайдаланушылардан жеке басын куәландыратын құжаттарды талап етуге тыйым салынған, ал бұл жасөспірімдерге жасты тексеру технологияларын айналып өтуге мүмкіндік беруде.

Жоғарғы соттың жеті судьясы аталған іс бойынша қорытынды шешімді бірнеше ай ішінде шығарады деп күтілуде. Сот сотталушылар мен исттердің дәлелдерін саралай отырып, балалардың саяси белсенділігін шектеуден келетін зиян мен әлеуметтік желі платформалары келтіретін кеселдің қайсысы басым екенін анықтауы тиіс.

Соңғы жаңалықтар