Мектептегі жөндеу мен мұғалімге сыйлық: Ата-аналар қандай шығындарды төлеуге міндетті емес?

Абдрахманов Мағжан
05 қараша 2026, 09:45
Мектептегі жөндеу мен мұғалімге сыйлық: Ата-аналар қандай шығындарды төлеуге міндетті емес? Сурет авторы: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен

Қазақстанның мемлекеттік мектептерінде ата-аналардан жөндеу жұмыстарына, құрал-жабдықтар алуға және іс-шараларға міндетті түрде ақша жинауға тыйым салынады. Бұл жөнінде Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, мұғалімдерге гүл немесе сыйлық алу тек ерікті түрде болуы шарт және мектеп әкімшілігі мұндай бастамаларды ұйымдастырмауы тиіс. Сонымен қатар ата-аналар комитетінің қаражат жинау туралы шешімі барлық отбасына бірдей міндет жүктемейді. Ақша беруден бас тартқан ата-ананың баласына қысым көрсетуге немесе оны өзгелерден бөлуге қатаң тыйым салынады.

Егер білім беру ұйымында қандай да бір мақсатқа ақша талап етілсе, ата-аналар оның қандай негізде жиналып жатқанын сұрауға толық құқылы. Министрлік мемлекеттік мектептердегі білім беру қызметі мен мекеменің күнделікті қажеттіліктері бюджеттен қаржыландырылатынын, сондықтан оны ата-аналардың жарналары есебінен жабуға болмайтынын еске салады.

Соңғы жаңалықтар