Тоқаев Көлік министрін ауыстырды

Абдрахманов Мағжан
03 қараша 2026, 18:30
Тоқаев Көлік министрін ауыстырды Сурет авторы: Qrnews/ ЖИ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әсел Жанасованы Премьер-Министрдің орынбасары – Көлік министрі қызметіне тағайындады, деп хабарлады Ақорда.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Көлік министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген Ақорда хабарламасында.

Бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі қызметінен босатылған еді.

Осылайша, Әсел Жанасова Көлік министрлігін басқарумен қатар Премьер-Министрдің орынбасары қызметін де атқарады.

Соңғы жаңалықтар