Қазақстанның мұнайы қанша жылға жетеді? «ҚазМұнайГаз» басшысы жауап берді

Абдрахманов Мағжан
04 қараша 2026, 16:08
Қазақстанның мұнайы қанша жылға жетеді? «ҚазМұнайГаз» басшысы жауап берді Сурет авторы: Bizmedia.kz/ ЖИ

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Асхат Хасенов Үкімет отырысынан кейін журналистерге компанияның мұнай қоры туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, қазір компанияның өз кен орындары мен бірлескен кәсіпорындарындағы мұнай қоры 785 млн тоннаны құрайды.

Хасенов «ҚазМұнайГаз» өзі қатысатын барлық кен орнындағы мұнай қорын тұрақты түрде бағалап отыратынын айтты.

«Қазір «ҚазМұнайГаздың» мұнай қоры 785 млн тонна. Бұған өзіміз игеріп жатқан кен орындары да, бірлескен кәсіпорындар да кіреді. Егер 800 млн тонна деп дөңгелектесек және жылына 26 млн тонна мұнай өндіретінімізді ескерсек, 45 жылдан астам уақытқа жетеді», – деді ол Zakon.kz тілшісіне.

Компания басшысы бұл мұнай қоры 45 жылдан кейін толық таусылады деген сөз емес екенін атап өтті.

«Бұл 45 жылдан кейін мұнай бітеді дегенді білдірмейді. Біз қорды үнемі толықтырып отырамыз, геологиялық барлау жүргізіледі. Ұңғыма бұрғылап, мұнай табылса, оны бірден қорға қосамыз. Сондықтан қор көлемі тұрақты түрде жаңарып отырады», – деп түсіндірді Хасенов.

Соңғы жаңалықтар