$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Нигерияда қарулы топ 300-ге жуық оқушыны ұрлап кетті

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 2550
Нигерияда қарулы топ 300-ге жуық оқушыны ұрлап кетті

Нигерияның солтүстік-батысындағы Курига қалашығында қарулы адамдар 280-нен аса оқушыны ұрлап кетті. Куәгерлердің айтуынша, мотоциклге мінген қарулы адамдар мектептегі 8-15 жас арасындағы оқушылар мен мұғалімді алып кеткен. Бұл туралы әлемді БАҚ хабарлады. 

ВВС мәліметінше, Курига қаласы қарайтын Кадуна штатының губернаторы Уба Сани оқушылардың ұрланғанын растаған. Курига қаласындағы отбасылардың басым бөлігінің балалары ұрланғаны айтылады. Губернатор "барлық баланы босатамыз" деп мәлімдеген.

Ел президенті оқушыларды құтқару үшін әскери жасақ жіберген.

Нигерияның солтүстік-батысында қарулы топтардың ересектерді жаппай ұрлап әкетуі жиі болады. Бірақ оқушыларды ұрлауы азайған еді. Әдетте қарулы топтар сұраған ақшаларын алған соң ұрланғандарды босататын.

Нигерияда қарулы топтар адам ұрлап, кейін сол үшін ақша табуға тырысады. 2022 жылы Нигерия ұрланған адам үшін ақша төлеуді қылмыс деп танитын заңды қабылдап, бұл елде дау туғызған. Ұрланған адамды босату үшін ақша бергендер 15 жылға сотталуы мүмкін. Бірақ әлі күнге дейін бұл заңмен ешкім жауапқа тартылмады. Әдетте елде туыстарын босату үшін көп адам ақша беруге дайын.

 

Соңғы жаңалықтар