Адамдарды несие үшін ұрлаған: Ақмолада ұйымдасқан қылмыстық топ ісі қаралып жатыр
Сурет авторы: shutterstock
Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты резонансты іс қаралып жатыр. Бұл туралы Kazinform хабарлады.
Сот процесі 2026 жылдың қаңтар айының соңында басталған. Қылмыстық істі сот төрағасы Ибрагим Әлкенов қарап жатыр. Қазіргі уақытта сот жәбірленушілерден жауап алуға көшкен.
Айыпталушылар орындығында 21 адам отыр. Бастапқыда күдікті ретінде 25 адам танылған. Прокуратура мәліметінше, олардың 21-і сотқа берілген, бір адамға қатысты іс халықаралық іздеуде болуына байланысты бөлек өндіріске шығарылған. Тағы үш адамға қатысты іс Қылмыстық кодекстің 247-бабы бойынша – заңсыз сыйақы алу дерегі бойынша қозғалып, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатылған.
Айыпталушыларға Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылған. Атап айтқанда, адамды топ болып ұрлау, аса ірі мөлшерде алаяқтық, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру, сондай-ақ ұйымдасқан топ құру, оған басшылық ету және қатысу деректері қаралуда.
Іс бойынша 351 жеке тұлға, 13 банк және 37 микроқаржы ұйымы жәбірленуші деп танылған.
Kaspi Bank өкілі: азаматтар әрекеттерін саналы түрде жасаған
Сотта алдымен банктерден жауап алу басталды. «Kaspi Bank» қауіпсіздік басқармасының қызметкері банк жәбірленуші мәртебесімен келіспейтінін мәлімдеді. Оның айтуынша, әрбір клиент несие рәсімдеу кезінде жеке өзі верификациядан өтіп, келісім берген.
– Мобильді қосымшада бірнеше деңгейлі қауіпсіздік бар, олардың барлығы өткен. Азаматтар әрекеттерін саналы түрде жасаған. Сондықтан жәбірленуші ретінде тек жеке тұлғалар танылуы тиіс, – деді банк өкілі.
Қаржылық мониторинг агенттігінің ұсынысына сәйкес, осы банк арқылы 186 жеке тұлғаның атына проблемалық несиелер рәсімделген. Келтірілген шығын көлемі 262 миллион теңгені құраған.
Банк өкілінің айтуынша, несие беру туралы шешімді автоматтандырылған бағдарлама қабылдайды. Негізгі талаптар – клиенттің кемінде алты айлық зейнетақы аударымдарының болуы, жалақысы және оң кредиттік тарихы.
Зейнетақы аударымдары бір мекенжайдағы компаниялардан түскен
KMF микроқаржы ұйымының қауіпсіздік департаменті қызметкері 2023 жылы күмәнді клиенттер туралы белгі түскенін айтты. Олардың несиені алған сәттен бастап төлем мерзімін өткізіп жүргені анықталған.
Ішкі тексеріс барысында зейнетақы аударымдары түскен 18 компанияның бір мекенжайда тіркелгені белгілі болған. Бұл компаниялар 51 клиентке зейнетақы жарнасын аударып отырған.
Тергеу барысында алдын ала компаниялар сатып алынып, тұрақты мекенжайы жоқ адамдар рәсімделгені, олардың атынан зейнетақы аударымдары жүргізілгені анықталған. Кейін бұл адамдар Алматыға жеткізіліп, мобильді қосымша арқылы әрқайсысына 1-3 миллион теңге аралығында несие рәсімделген.
Сотта айтылғандай, верификация кезінде барлық өтініш берушілердің артқы фоны бірдей ғимарат немесе автокөлік салоны болған. Көпшілігі бір мекенжайға тіркелген. Кепілгер ретінде бір-бірін көрсеткен.
Алдын ала 4-6 ай бойы әр клиентке 40 мыңнан 180 мың теңгеге дейін зейнетақы жарналары аударылып отырған. Кейін бұл жарналар «қате есептелді» деген негізде қайтарылып, басқа тұлғаларға аударылған.
KMF арқылы 50 адам несие алған. Жалпы шығын 99 миллион 355 мың теңгені құраған.
Ал «Нұрбанк» арқылы іс материалдарына кіретін екі ғана несие рәсімделген – 170 мың теңге көлеміндегі онлайн тауарлық несие және шамамен 5 миллион теңге көлеміндегі офлайн несие. Банк келтірілген шығынды 5 миллион 136 мың 940 теңге деп бағалап, талап арыз берген.
Сот процесі жалғасып жатыр. Тергеу барысында айыпталушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, түпкілікті шешім шығарылмақ.
Соңғы жаңалықтар
-
Айыппұлмен шектелмейді: жол ережесін жиі бұзғандарға жаза күшейтілмек
23 минут бұрын
-
Оң жақ рөлді көліктер таксиге жіберілмейді: ІІМ бақылауды күшейтеді
31 минут бұрын
-
Қазақстан қоржынына бесінші алтын түсті: ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды
43 минут бұрын
-
Диктант, шығарма, бақылау жұмысы: бастауыш сынып оқушылары қалай бағаланады
1 сағат бұрын
-
Жылуды қашан қосады: Қай өңірлерге ерте берілетіні белгілі болды
1 сағат бұрын
-
Американың жетекші БАҚ өкілдері Дональд Трампты сотқа берді
1 сағат бұрын
-
АҚШ Иранмен қақтығыс біткен соң Таяу Шығысты қалпына келтіруге 5 млрд доллар бөлуі мүмкін
2 сағат бұрын
-
WBC чемпионы Карлос Адамес Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырып, бұрынғы допинг дауын есіне салды
2 сағат бұрын
-
Зеленский Ресейдің энергетика нысандарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады
2 сағат бұрын
-
АҚШ-тағы қымбатшылық Трамптың рейтингін рекордтық 32 пайызға түсірді
2 сағат бұрын
-
Степногорск қаласына жаңа әкім тағайындалды
2 сағат бұрын
-
Жаңбыр, найзағай және +32 градус: 22 қыркүйекте күн райы қандай болады
2 сағат бұрын
-
SDU UNIVERSITY-ДЕ ПРОРЕКТОР АУЫСТЫ
15 сағат бұрын
-
Қазақстандықтарға террористік қауіп туралы SMS хабарламалар жіберіледі
18 сағат бұрын
-
Тоқаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын ауыстырды
19 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинмен алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерді талқылады
19 сағат бұрын
-
АҚШ жасырын түрде 25 мыңнан астам мигрантты үшінші елдерге депортациялаған
20 сағат бұрын
-
Граффити салғандар жауапқа тартылуы мүмкін: Үкімет заңды өзгертпек
20 сағат бұрын
-
Қазақстан әскери қызметшілері мен техникасын Ресейге жібереді
20 сағат бұрын
-
Жоғары технологиялық ортопедиялық операциялар енді өңірлерде де тегін жасалуда
21 сағат бұрын
-
Асель Қанай Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
21 сағат бұрын
-
Шығыс Қазақстанның Польшаға экспорты 17 пайызға өсті
22 сағат бұрын
-
Референдум шешеді: Шотландия, Уэльс пен Солтүстік Ирландия Ұлыбритания құрамынан бөлек шыққысы келеді
1 күн бұрын
-
Аймағамбетов МӘМС жүйесіндегі мемлекетке артық шығын келтіретін процедураларды жоюды ұсынды
1 күн бұрын
-
Тоқаев Путинді Ресейдегі Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады
1 күн бұрын
-
Трамп балалар екпесін бес бөлікке бөлуді ұсынды
1 күн бұрын
-
Қазақстандықтар АҚШ-қа қашан тікелей ұша алады
1 күн бұрын
-
Семей қаласында Қала күніне арналған мерекелік апталық өтті
1 күн бұрын
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
2 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
2 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
3 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
3 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
3 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
3 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
3 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
3 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
3 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
4 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
4 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
4 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
4 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
4 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
5 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
5 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
6 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
6 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
6 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
6 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
6 күн бұрын