$ 469.83 € 536.83 ₽ 5.97

Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметінен босатылды

Абдрахманов Мағжан
17 шілде 2026, 09:29
Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметінен босатылды Сурет авторы: Gov.kz

Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметінен босатылды. Оның өңірді 2022 жылғы сәуірден бері басқарғаны белгілі.

Серік Шәпкенов 1979 жылғы шілдеде дүниеге келген. 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын жоғары оқу орнында оқытушы болып бастаған. Кейін Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің құрылымдарында және Президент әкімшілігінде түрлі қызмет атқарған.

2016–2018 жылдары Атырау қаласының әкімі, 2018–2020 жылдары Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болды. 2020 жылғы маусымнан бастап еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарды.

2021 жылғы қаңтарда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалып, 2022 жылғы қаңтарда осы қызметке қайта бекітілген еді.

Соңғы жаңалықтар