$ 472.34 € 541.25 ₽ 6.01

Месси төрешілердің көмегі туралы қауесеттерге жауап берді

Редакция
16 шілде 2026, 14:58
Месси төрешілердің көмегі туралы қауесеттерге жауап берді Сурет авторы: Nick Potts - PA Images / Contributor / PA Images / Gettyimages.ru

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионатындағы командасына қатысты айтылып жатқан сын-пікірлерге ресми жауап қайтарды. Foot Mercato басылымының хабарлауынша, футболшы төрешілердің арнайы қолдауы туралы сөздерді «абсурд» деп атады.

Англия құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, финалға шыққаннан кейін өткен баспасөз мәслихатында Месси аргентиналықтардың жетістігі тек алаңдағы қажырлы еңбектің нәтижесі екенін баса айтты.

«Біздің жетістіктерімізге күмән келтіру - мүлдем қисынсыз нәрсе. Біз қатарынан екі әлем чемпионатының финалына шықтық. Соңғы жылдары біз әлемдегі ең мықты құрама екенімізді дәлелдедік. Бізге ешкім ештеңені сыйға тартқан жоқ, барлығын өз күшімізбен жеңіп алдық», - деді аргентиналық жұлдыз.

Айта кетейік, турнир барысында Аргентина құрамасына қатысты әлеуметтік желілерде көптеген пікірталас туындаған болатын. Кейбір жанкүйерлер мен сарапшылар төрешілердің шешімдеріне наразылық білдіріп, тіпті онлайн-петиция да ұйымдастырды. Онда Аргентинаның кейбір матчтардағы төреші қателерінің арқасында алға озғаны алға тартылған. Алайда, Месси бұл мәселелердің команданың деңгейіне қатысы жоқ екенін және олардың мақсаты - тек чемпиондық титулды қорғап қалу екенін алға тартты.

Еске сала кетейік, Аргентина құрамасы 19 шілдеде өтетін финалда Испаниямен кездеседі. Егер Месси бастаған команда жеңіске жетсе, олар 1962 жылдан бері әлем чемпионатын қатарынан екі рет ұтып алған алғашқы құрама атанған Бразилияның рекордын қайталайды.

 

Соңғы жаңалықтар