$ 472.34 € 541.25 ₽ 6.01

Air Astana Дубайға рейстерді қайта тоқтатады

Абдрахманов Мағжан
16 шілде 2026, 17:00
Air Astana Дубайға рейстерді қайта тоқтатады Сурет авторы: informburo.kz

Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыстағы ахуалдың нашарлауына байланысты Дубайға тұрақты рейстерді 21 шілдеден 31 тамызға дейін уақытша тоқтататынын мәлімдеді.

Компанияның хабарлауынша, 21 шілдеге дейінгі рейстер кестеге сәйкес орындалады. Олар негізінен жолаушыларды елге қайтаруға арналған.

Рейстері тоқтатылған жолаушыларға билет құны толық қайтарылады немесе қосымша ақысыз кейінгі күндерге ауыстырылады. Сондай-ақ олар Air Astana әуе компаниясының басқа халықаралық бағыттарына тегін қайта брондау мүмкіндігін пайдалана алады.

Бұған дейін Air Astana 13–14 шілдеде Алматы мен Астанадан Дубайға жоспарланған рейстерді тоқтатып, кейін 15 шілдеден бастап ұшуларды қайта бастайтынын хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар