$ 472.34 € 541.25 ₽ 6.01

Астанада тандырханада жарылыс болды: Зардап шеккендер бар

Редакция
16 шілде 2026, 11:00
Астанада тандырханада жарылыс болды: Зардап шеккендер бар Сурет авторы: Pixabay

Астана қаласындағы Жиенқұлов көшесінде орналасқан тандырханада жарылыс болып, үш адам ауруханаға жеткізілді. Оқыс оқиға туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Жарылыс базар аумағындағы екі қабатты әкімшілік ғимараттың ішіндегі кафеде орын алған. Төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала мәліметінше, оқиғаға көлемі 50 литр болатын композиттік газ баллонының герметикалығының бұзылуы себеп болған.

Жарылыс салдарынан тандырхананың төбесі мен есік ойығы ішінара опырылып түсті.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері шұғыл жетіп, құтқару жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында зардап шеккен үш адам анықталып, олар жедел түрде медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта жапа шеккендерге қажетті көмек көрсетілуде.

Қазіргі таңда оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар