$ 472.34 € 541.25 ₽ 6.01

Дипломын жұрт алдында жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды

Абдрахманов Мағжан
16 шілде 2026, 10:13
Дипломын жұрт алдында жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Сурет авторы: видеодан кадр

Алматыда диплом табыстау рәсімі кезінде құжаттың көшірмесін жұрт алдында жыртқан колледж түлегі Дәулет Әбдірахман бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Полиция оның әрекетін ұсақ бұзақылық деп бағалады.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада түлектің сахнада диплом алғаннан кейін оны алдын ала дайындаған көшірмеге ауыстырып, екіге жыртқаны көрінеді. Жыртылған құжаттың шынайы диплом болмағаны анықталғанымен, оқиға диплом табыстау рәсімі кезінде болған.

«Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3-1-бөлігі бойынша жауапқа тартылып, бес тәулікке қамалды», – деп хабарлады Алматы полициясы.

Бейнежазба TikTok желісінде тарағаннан кейін полиция тексеріс бастаған. Кейін Дәулет Әбдірахман бейнеүндеу жариялап, ұстаздардан, колледж басшылығынан және бұл әрекетіне ренжіген жұрттан кешірім сұрады.

Ол жасаған ісіне өкінетінін айтып, бұл әрекеттің салдарын толық түсінбегенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар