$ 470.28 € 537.53 ₽ 5.99

Испания — 2026 жылғы әлем чемпионы

Абдрахманов Мағжан
20 шілде 2026, 05:00
Испания — 2026 жылғы әлем чемпионы Сурет авторы: David Ramos/Getty Images

Испания құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Аргентинаны 1:0 есебімен жеңіп, әлем кубогын иеленді. Нью-Йорк пен Нью-Джерси аумағындағы стадионда өткен кездесудегі жалғыз голды Ферран Торрес қосымша уақыттың 106-минутында соқты. 

Ойынның негізгі уақыты 0:0 есебімен аяқталды. Испания матч бойы басымдық танытып, қарсылас қақпасына көбірек қауіп төндірді. Аргентина негізгі уақыттың соңында Энцо Фернандес екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылғаннан кейін кездесуді он ойыншымен жалғастырды. 

Осы жеңістің арқасында Испания өз тарихында екінші рет әлем чемпионы атанды. Құрама бұған дейін 2010 жылы әлем кубогын жеңіп алған еді. Сондай-ақ Испания 2024 жылғы Еуропа чемпионатындағы жеңісінен кейін екі ірі жарыста қатарынан топ жарды.

2022 жылғы әлем чемпионы Аргентина бұл жолы күміс жүлдені қанағат тұтты. Финалға АҚШ президенті Дональд Трамп та қатысты. 

Соңғы жаңалықтар