$ 469.83 € 536.83 ₽ 5.97

Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты алғашқы сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды

Абдрахманов Мағжан
18 шілде 2026, 17:36
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты алғашқы сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша алғашқы алдын ала сот отырысы 21 шілдеде өтеді. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров мәлімдеді.

Отырыс Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтеді. Адвокаттың айтуынша, сот істің мәні бойынша қарауға дайын-дaйын еместігін анықтап, дәлелдерді зерттеу тәртібін белгілейді.

Сондай-ақ сот үдерісінің алқабилердің қатысуымен өтетін-өтпейтіні шешіледі. Бұған дейін жәбірленуші тарап сот отырыстарын тікелей эфирде көрсету туралы өтініш беруі мүмкін екені хабарланған.

21 жастағы Нұрай Серікбай биыл 11 қаңтарда Шымкентте бірнеше жерден пышақ жарақатын алып, қаза болған. Бұған дейін оның ұзақ уақыт аңдуға ұшырағаны айтылған.

Соңғы жаңалықтар