$ 469.83 € 536.83 ₽ 5.97

Түркістан облысында жол апатынан жеті адам көз жұмды

Абдрахманов Мағжан
17 шілде 2026, 12:13
Түркістан облысында жол апатынан жеті адам көз жұмды Сурет авторы: gov.kz

Түркістан облысының Бәйдібек ауданындағы Шаян – Екпінді тасжолында екі көлік соқтығысып, жеті адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry және Volkswagen Passat көліктері соқтығысқан. Екі көлікте болған жеті адам оқиға орнында көз жұмған.

«Шаян – Екпінді автожолында екі көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті шаралар жүргізіліп жатыр», – делінген полиция хабарламасында.

Тергеу қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жол мен ауа райына сай қауіпсіз жылдамдықты таңдауға және көлік тізгінінде барынша мұқият болуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар