$ 469.83 € 536.83 ₽ 5.97

Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды

Абдрахманов Мағжан
17 шілде 2026, 09:56
Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды Сурет авторы: primeminister.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Болат Оралұлы Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Ол осы қызметтен босатылған Серік Шәпкеновтің орнына келді.

Болат Ақшолақов 1971 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Ол бұған дейін Энергетика министрлігінде, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында, «Самұрық-Қазына» қорында және мұнай-газ саласындағы өзге де ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған. 2022–2023 жылдары Қазақстанның энергетика министрі болды. Кейін KAZENERGY қауымдастығын басқарды.

Соңғы жаңалықтар