$ 470.28 € 537.53 ₽ 5.99

Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді

Редакция
20 шілде 2026, 09:34
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді Сурет авторы: Istockphoto.com

20 шілдеде таңертең Қырғызстан аумағында жер сілкінісі орын алды. Дүмпудің қуаты 5 баллды құрады.

Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Сейсмология институтының мәліметінше, жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 02:40-та тіркелген. Ошағы Нарын қаласынан 31 шақырым, ал Оттук ауылынан 5 шақырым қашықтықта орналасқан.

Зілзаланың күші келесідей бөлінді:

5 балл: Оттук және Қазан-Құйған ауылдарында;

4 балл: Жерге-Тал, Қызыл-Жұлдыз, Эчки-Баши, Эмгекчил ауылдарында;

3,5 балл: Қуйбышева, Шоро, 8 Наурыз, Ақ-Талаа, Достық, Жан-Бұлақ, Миң-Бұлақ, Жалғыз-Терек, Орта-Саз, Ақ-Қия, Орта-Нұра, Кеңеш ауылдарында;

3 балл: Нарын қаласында.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан шамамен 193 шақырым жерде орналасқан. Осыған байланысты, Алматыдағы Android операциялық жүйесіндегі смартфон қолданушыларына Google жүйесі арқылы сағат 01:41-де алдын ала автоматты хабарлама жолданған.

Қазіргі уақытта екі елдің тиісті органдары зардап шеккендер мен қираған нысандар бар-жоғын анықтауда. Мамандар тұрғындарды дүрбелеңге түспей, тек ресми ақпарат көздері мен төтенше жағдайлар қызметінің мәліметтеріне ғана сүйенуге шақырады.

Соңғы жаңалықтар