$ 472.34 € 541.25 ₽ 6.01

Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыртуымен Қытайға барды

Абдрахманов Мағжан
16 шілде 2026, 10:03
Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыртуымен Қытайға барды Сурет авторы: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхай қаласына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

16 шілдеде Мемлекет басшысы Қытай төрағасымен келіссөз жүргізеді. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр.

Сапар аясында Президент қытайлық жетекші компаниялардың басшыларымен дөңгелек үстелге қатысады. Жиында инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері қаралады.

17 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайда өтетін Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына (WAIC) қатысады. Биылғы жиын «Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік» тақырыбына арналмақ.

Соңғы жаңалықтар