$ 469.83 € 536.83 ₽ 5.97

Ұлытау облысының әкімі тағайындалды

Редакция
17 шілде 2026, 13:27
Ұлытау облысының әкімі тағайындалды Сурет авторы: inbusiness.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Есет Берікұлы Байкен Ұлытау облысының әкімі қызметіне тағайындалды.Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Жезқазғанда өткен облыстық мәслихат сессиясында депутаттар өңір басшысының кандидатурасын мақұлдады.

2024 жылдың қазан айынан бері бұл қызметті Дастан Рыспеков атқарып келген еді. Бүгін, 17 шілдеде Президент оны қызметінен босатты.

Есет Байкен 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін «қаржы» мамандығы бойынша, ал Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2022 жылдың қыркүйегінен бастап осы тағайындауға дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Есет Байкен осыған дейін жауапты басшылық қызметтерді атқарып, өңірлік басқару саласында айтарлықтай тәжірибе жинақтаған. Ол Ұлытау облысының даму стратегиясын одан әрі іске асырып, аймақтың экономикалық және әлеуметтік әлеуетін нығайту міндетін атқаратын болады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Есет Берікұлы Байкен Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды», – делінген ресми хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар