$ 470.28 € 537.53 ₽ 5.99

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды

Редакция
20 шілде 2026, 09:43
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды Сурет авторы: niitk.kz

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы қызметіне Елжас Отыншиев кірісті. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Елжас Отыншиев Мәскеу физика-техникалық институтын тәмамдаған. Еңбек жолын 2007 жылы бастаған ол «Самұрық-Қазына» қоры мен оның еншілес кәсіпорындарында жауапты қызметтер атқарған. 2023 жылғы сәуірден бері қордың стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры әрі басқарма мүшесі болды. Сонымен қатар 2024 жылғы ақпаннан бастап «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына кіреді.

Айта кетейік, бұған дейін аталған компанияны басқарып келген Талғат Алдыбергенов атқарып отырған лауазымынан босатылды. Ол теміржол саласын 2025 жылғы шілдеден бері басқарған еді.

Соңғы жаңалықтар