$ 469.83 € 536.83 ₽ 5.97

Америкалық танымал рэпер Канье Уэст Алматыда концерт береді

Редакция
17 шілде 2026, 15:18
Америкалық танымал рэпер Канье Уэст Алматыда концерт береді Сурет авторы: Канье Уэст/Иллюстрация ИИ

Әлемге әйгілі америкалық рэпер Канье Уэст (Ye) Алматыда өнер көрсетеді. Бұл туралы ақпарат билет сату платформаларында және әртістің менеджері Джозеф Карренің әлеуметтік желі парақшасында жарияланды.

Концерт 14 тамыз күні сағат 21:00-де Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

Билет сатылымы бойынша мәліметтер:

 Сатылымның басталуы: 20 шілде, сағат 12:00.

 Билет бағасы: 120 000 теңгеден бастап, 350 000 теңгеге дейін.

Бір адамға ең көп дегенде 4 билет сатып ала алады.

Айта кетейік, әзірге бұл іс-шара Канье Уэсттің ресми әлемдік турне кестесінде көрсетілмеген.

Канье Уэст - музыка саласындағы ең беделді әртістердің бірі. Ол 12 студиялық альбом жарыққа шығарып, 24 рет «Грэмми» сыйлығын иеленген. Сондай-ақ, рэпер дизайнерлік және кәсіпкерлік қызметімен де танымал. 2025 жылы ол қайтадан миллиардерлер тізіміне енді. Оның «Stronger», «Gold Digger», «Runaway», «Flashing Lights» және «Carnival» сынды туындылары бүкіл әлемде танымал.

Соңғы жаңалықтар