$ 456.56 € 530.52 ₽ 5.28

Жыл волонтері халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау басталды

Редакция
07 қыркүйек 2026, 14:49
Жыл волонтері халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау басталды Сурет авторы: Depositphotos.com

Қазақстанда мейірім мен қайырымдылық жолында жүргендердің басын қосатын ең басты бәсеке басталды. Мәдениет және ақпарат министрлігі халықаралық «Жыл волонтері» сыйлығына өтінімдер қабылданатынын ресми түрде жариялады.

Биылғы байқауда үміткерлер бақ сынайтын номинациялар саны 15-ке жетіп отыр. Ең белсенді волонтерлік ұйымдар, корпоративтік волонтерлік көшбасшылары, Тұрақты даму мақсаттарының көшбасшылары және ең үздік әлеуметтік көмекшілер өз марапатын алады.

Сонымен қатар төтенше жағдайлардың салдарын жоюға, із-түссіз жоғалған адамдарды іздеуге, құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге қатысатын еріктілер де назардан тыс қалмайды. Одан бөлек, денсаулық сақтауды дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, білімді тарату, қоршаған ортаны қорғау және бейбітшілікті нығайту бағыттары бойынша да жүлделер қарастырылған. Тізім тарихи-мәдени мұраны сақтау, зооқорғау және әлеуметтік мәселелерді шешуге үлес қосқандармен толықтырылған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, үміткерлер тек бір ғана номинация бойынша қатыса алады. Құжаттар биылғы 27 қыркүйекке дейін qazvolunteer@mail.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады. Байқау ережелері туралы толық мәліметті Qazvolunteer.kz сайтынан немесе +7 (7172) 74-12-86, 74-03-11 телефондары арқылы білуге болады.

Соңғы жаңалықтар