$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Тоқаев жаңадан тағайындалған Цифрлық даму министрін қабылдады

Редакция
14 мамыр 2024 08:19 4372
Тоқаев жаңадан тағайындалған Цифрлық даму министрін қабылдады Сурет авторы: Ақорда

Мемлекет басшысы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Жаслан Мәдиев ведомствоның қазіргі қызметі мен жұмыс жоспары жөнінде баяндады.

Оның айтуынша, мемлекеттік басқаруды және басқа да салаларды цифрлық трансформациялау үшін институционалдық база қалыптасқан.

Ол сондай-ақ реинжиниринг міндеттемесі заң жүзінде бекітіліп, 600-ден астам бизнес-процесс қайта қаралғанын айтып өтті. Сонымен қатар GovTech платформалық тәсілі арқылы цифрлық трансформациялау үдерісі басталған.

Министр Мемлекет басшысына жасанды интеллектіні енгізу, сондай-ақ AI-driven government экожүйесін қалыптастыру жолдары жөнінде мәлімет берді. Отандық IT-компаниялардың экспорт нарықтарына шығу перспективасы туралы айтты.

Президент мемлекеттік басқару ісін сапалы түрде цифрландыру, халықаралық IT-алпауыттармен ынтымақтастықты жандандыру және экономиканың түрлі секторында жасанды интеллектіні одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар