$ 452.12 € 508.95 ₽ 5.41

Қандай жәрдемақылар табысқа қарамай төленеді? Толық тізім

Абдрахманов Мағжан
16 қазан 2026, 17:19
Қандай жәрдемақылар табысқа қарамай төленеді? Толық тізім Сурет авторы: depositphotos

Қазақстанда әлеуметтік төлемдерді отбасының тұрмыс деңгейіне қарай тағайындау тәртібі өзгергенімен, 22 төлемге жаңа талап қолданылмайды. Оларды тағайындау кезінде адамның отбасы А, В, C, D немесе Е санатының қайсысына жататыны ескерілмейді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты.

Министрдің мәліметінше, отбасының тұрмыс деңгейіне қарамастан мына төлемдер тағайындала береді:

  1. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға берілетін төлем;
  2. Ұлы Отан соғысы кезінде жаралану, контузия, мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдарға;
  3. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға;
  4. Ұлы Отан соғысы салдарынан мүгедектігі бар адамдарға теңестірілгендерге;
  5. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен жауынгерлердің жесірлеріне;
  6. Ұлы Отан соғысы салдарынан мүгедектігі болған, кейін қайтыс болған адамның жұбайына;
  7. Кеңес Одағының Батырларына, Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Даңқ және Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне;
  8. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне;
  9. №1 тізім бойынша – аса зиянды және аса ауыр еңбек жағдайында жұмыс істегендерге;
  10. №2 тізім бойынша – зиянды және ауыр еңбек жағдайында жұмыс істегендерге;
  11. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы;
  12. Заңды тұлға таратылған жағдайда сот мемлекетке жүктеген өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу төлемі;
  13. Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюға қатысқандарға, сондай-ақ оқшаулау және қоныс аудару аймақтарынан көшірілгендерге;
  14. Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлерге, оның ішінде Ауғанстан соғысының ардагерлеріне;
  15. Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтардан зардап шеккен зейнеткерлер мен жәрдемақы алушыларға берілетін өтемақы;
  16. Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтардан зардап шеккен, 1949–1990 жылдары жоғары радиациялық қауіп аймақтарында тұрған адамдарға берілетін өтемақы;
  17. Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін өтемақы;
  18. Мүгедектігі бар немесе зейнеткер саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;
  19. I топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
  20. II топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
  21. III топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
  22. Байқоңыр қаласында тұратын жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға берілетін төлем.

Демек, осы тізімдегі төлемдерді тағайындағанда отбасының тұрмыс деңгейі мен әл-ауқат санаты есепке алынбайды. Адам А немесе В санатына жатса да, тиісті талаптарға сай келсе, бұл төлемдерді алу құқығы сақталады.

Соңғы жаңалықтар