$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Тоқаев Әзірбайжан мен Арменияның Алматыда келіссөздер өткізу туралы келісімін құптайды

Редакция
01 мамыр 2024 09:53 4027
Тоқаев Әзірбайжан мен Арменияның Алматыда келіссөздер өткізу туралы келісімін құптайды Сурет авторы: REPORT.AZ

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тарапының ұсынысы бойынша Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы бейбіт келісімге дайындық жүргізу мақсатында екі елдің сыртқы істер министрлерінің келіссөзін өткізу туралы өзара келісімге келгенін құптайтынын айтты. 

"Бұл маңызды шараның Алматыда ұйымдастырылуының символдық мәні бар. Өйткені 1991 жылы желтоқсан айында ТМД елдерінің тәуелсіз дамуына негіз қалаған және мемлекетаралық шекараны анықтау қағидаларын бекіткен тарихи құжатқа – Алматы декларациясына қол қойылған еді", – деді президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, алдағы кездесу әзербайжан-армян уағдаластығының нақты жүзеге асуына жол ашып, жуық арада Оңтүстік Кавказда тұрақты әрі ұзақмерзімді бейбітшіліктің орнауына ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар