$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Су министрлігі: Балқаш көлінің суы көтерілді

Редакция
26 сәуір 2024 13:29 2250
Су министрлігі: Балқаш көлінің суы көтерілді

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәлімдеуінше, 1 қаңтарда көлдің орташа су деңгейі 159 см болса, 1 сәуірде бұл көрсеткіш 174 см жетті.

«Биыл трансшекаралық Іле өзенінен үлкен көлемде су келгенін айта кеткен жөн. Осының нәтижесінде Қапшағай су қоймасынан Балқаш көліне шамамен 2,3 текше шақырым көлемінде су жіберу мүмкіндігі пайда болды. Балқаш көлінің су деңгейін анықтау үшін төрт су бекетінде бақылау жүргізіледі», - деп жазылған министрлік хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар