$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Сирек кездесетін жарқанат жер бетінен жойылып кетті

Редакция
23 сәуір 2024 09:50 4332
Сирек кездесетін жарқанат жер бетінен жойылып кетті Сурет авторы: Getty Images

Кіші мариан жарқанаты (Pteropus tokudae) ғалымдар оны толық зерттеп бітпей жатып жер бетінен жойылып кетті. Ұшатын Гуам түлкісі деп те аталатын жарқанаттың бұл түрі Гуам аралында сирек кездесетін. 20 ғасырдағы ғылыми экспедициялар кезінде бұл жарқанаттың тек үшеуі табылған, деп хабарлайды BBC.

2021 жылы АҚШ-тың Балық және жабайы табиғат қызметі ондаған жылдар бойы байқалмаған кіші мариан жарқанатын ресми түрде жойылды деп жариялады. Кейбір ғалымдар, соның ішінде Тэмми Милденштейн көптеген жылдар бойы жойылды деп саналған, бірақ кейіннен қайта табылған Филиппиндік жарқанатты мысалға алып, бұл түр әлі де табылуы мүмкін екенін алға тартады.

Кіші мариан жарқанатының жоғалуы Гуамның экожүйесі үшін айтарлықтай шығын әкеледі, өйткені жарқанаттар өсімдіктердің тозаңдануында және тұқымның таралуында маңызды рөл атқарады. Ғалым Тигга Кингстон бұл жағдай климаттың өзгеруі, тіршілік ету ортасының жоғалуы аралда өмір сүретін жануарларға әсер ететіні туралы ескерту екенін атап өтті.

Сонымен қатар Гуамда тіршілік ететін тағы бір мариан жарқанатын зерттеу және сақтау жұмыстары жалғасып жатыр. Ғалымдар мен жергілікті қауымдастық бұл жарқанаттың жойылып кетуіне жол бермес үшін тырысып бағуда.

Соңғы жаңалықтар