$ 450.62 € 504.2 ₽ 5.36

Astana Media Week 2026 аясында медиа саласындағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды

Редакция
14 қазан 2026, 18:13
Astana Media Week 2026 аясында медиа саласындағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды

Бейбітшілік пен келісім сарайында  Astana Media Week 2026 халықаралық медиа апталығы шымылдығын түрді. Алғашқы күннен-ақ сарай іші тынымсыз микрофондар, камералар шұғыл қосылған қызу атмосфераға бөленді.

Бұл жолғы жиынның басты сұрағы әрі негізгі интригасы – «Жасанды интеллект медиа нарықты толықтай басып ала ма?» деген сауал болды. Елге белгілі медиаменеджерлер, халықаралық эксперттер, мемлекеттік органдар мен PR өкілдері дәл осы тақырып төңірегінде қызу пікірталас өткізді.

Жиынның негізгі тақырыбы – «MEDIA. HUMAN. AI: 10 жылдық трансформация. Жаңа сенім архитектурасы» деп аталды. 

Алқалы жиында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов, Meta өкілі Филип Чуа, Q.AI бас директоры Дмитрий Мун, сондай-ақ Euronews пен шетелдік медиа алыптарының өкілдері бас қосты. Сондай-ақ Әзербайжан, Қырғызстан, Швейцариядан келген сарапшылар өз тәжірибелерімен бөлісті. Әзербайжан мемлекеттік теледидарының бағдарламалық директоры Эмин Гусейнов Орталық Азия елдерімен бірлескен ауқымды жобалардың басталғанын меңзеп, оқырмандар мен мамандардың қызығушылығын арттыра түсті.

Пленарлық сессиядан кейін де пікірталастар толастаған жоқ. Сахна сыртында жастардың цифрлық қауіпсіздігі, Орталық Азиядағы ағылшын тілді медианы дамыту және көптілді хабар таратудың жаңа құралдары туралы құпиясы мол, маңызды келіссөздер жүргізілді.

Бірінші күннің басты түйіні - жасанды интеллект медианың ажырамас бөлігіне айналғанымен, шынайы ақпарат пен жауапкершіліктің артында тек адам тұрады.

Еске сала кетейік, Astana Media Week 2026 шарасы Астанада 14-16 қазан аралығында өтеді. 

 

 

Соңғы жаңалықтар