$ 448.45 € 501.59 ₽ 5.36

Қазақстанда жыл басынан бері 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды

Редакция
13 қазан 2026, 16:48
Қазақстанда жыл басынан бері 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды Сурет авторы: pixabay.com

Қазақстанда ағымдағы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша 356 мың жеке кәсіпкер (ЖК) ресми түрде есептен шығарылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин хабарлады.

Министрдің мәліметінше, аталған кезеңде елде 277 мың жаңа бизнес субъектісі тіркелген. Оның ішінде 34,7 мың заңды тұлға және 242,3 мың жеке кәсіпкер бар.

Салыстырмалы түрде алғанда, осы аралықта 19,7 мың заңды тұлға мен 356 мың жеке кәсіпкер қызметін тоқтатқан.

Вице-премьер жеке кәсіпкерлікті тіркеуді тоқтату экономикалық қызметтің толық тоқтағанын білдірмейтінін атап өтті. Статистикалық талдауға сәйкес, есептен шығарылған 356 мың жеке кәсіпкердің 42,6%-ы өткен жылы мүлде табыс таппаған, ал 20,8%-ы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режиміне ауысып, кәсіпкерлік қызметін ары қарай жалғастыруда.

Бұған дейін Серік Жұманғарин мамыр айында елде қызметін тоқтатқан немесе уақытша кідірткен кәсіпкерлік субъектілері санының арту себептеріне қатысты түсініктеме берген болатын.

Соңғы жаңалықтар