$ 454.14 € 509.23 ₽ 5.41

Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін өсті

Абдрахманов Мағжан
15 қазан 2026, 11:13
Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін өсті Сурет авторы: Астана әкімдігі

Астана әкімдігі қалалық және қала маңындағы қоғамдық көліктерде сараланған жолақы мөлшерін бекітті. Электронды түрде төлегенде қала ішіндегі автобустардың жолақысы 150 теңге, ал қолма-қол төлегенде 300 теңге болады.

Қаулыға сәйкес, электронды төлем кезінде қалалық бағыттар мен тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдарда жолақы – 150 теңге. Экспресс бағыттарда – 300 теңге. Қала маңындағы бағыттарда әр шақырым үшін 13 теңге төленеді.

Қолма-қол төлеген жағдайда жолақы қымбатырақ болады. Қалалық бағыттар мен тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдарда – 300 теңге, экспресс бағыттарда – 400 теңге. Ал қала маңындағы автобустарда әр шақырым үшін 19 теңге төлеу керек.

Құжатта электронды жолақы төлеу жүйесі жұмыс істемей қалған жағдайда жолаушының тегін жүруге құқығы бар екені де көрсетілген.

Бұған дейін Астана әкімдігі қоғамдық көліктегі жолақы соңғы 12 жылда бір-ақ рет қайта қаралғанын хабарлаған еді. Әкімдік электронды төлем кезіндегі жолақыны 110 теңгеден 150 теңгеге дейін көтеруді ұсынған.

Соңғы жаңалықтар