$ 452.12 € 508.95 ₽ 5.41

NURORDA-ның екі оқушысы халықаралық физика олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

Редакция
16 қазан 2026, 16:30
NURORDA-ның екі оқушысы халықаралық физика олимпиадасының күміс жүлдегері атанды Сурет авторы: Nurorda

«NURORDA» мектеп-лицейінің оқушылары Мерген Сабыров пен Ибрахим Куспаев Ахмад әл-Ферғани атындағы халықаралық физика олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды.

ІІ Ахмад әл-Ферғани атындағы халықаралық физика олимпиадасы (Al-Fergani International Physics Olympiad — FIPHO) 10–17 қазан аралығында Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатыр. Биыл білім додасына әлемнің 20 елінен 250 оқушы қатысқан.

Олимпиада 15 пен 18 жас аралығындағы мектеп оқушыларына арналған. Сайыс барысында олардың физикадан білімімен қатар зерттеушілік қабілеті де сыналады.

Білім додасы теориялық және тәжірибелік екі кезеңнен тұрады. Қатысушылар күрделі есептер шығарып, физикалық құбылыстарды талдайды және тәжірибелік тапсырмаларды орындайды.

Соңғы жаңалықтар