$ 454.14 € 509.23 ₽ 5.41

Navai-дың ұсталуына байланысты Ресей Қазақстанға нота жолдады

Абдрахманов Мағжан
16 қазан 2026, 09:43
Navai-дың ұсталуына байланысты Ресей Қазақстанға нота жолдады Сурет авторы: instagram/navaib

Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығы рэпер Navai-дың Қазақстанда ұсталуына байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігіне нота жолдады. Ресей тарапы музыканттың қазір қайда және қандай жағдайда қамауда отырғанын түсіндіруді сұрады.

Бас консулдық қажет болған жағдайда Ресей азаматына консулдық қызметкердің баруына мүмкіндік беруді де сұраған.

«Біз нота жолдадық. Бұл – жергілікті билікпен ресми байланыс тәсіліміз. Жағдайды түсіндіруді, Ресей Федерациясының азаматы қазір қайда екенін, қандай жағдайда отырғанын хабарлауды және қажет болған жағдайда оған консулдық қызметкердің баруына мүмкіндік беруді сұрадық», – деп мәлімдеді дипломатиялық өкілдік.

Ресей тарапы Бәкіровтің ұсталғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан білген. Бас консулдық рэпердің адвокаты немесе басқа адамдар хабарласқанын күтпей, өзі ресми сауал жолдаған.

Сонымен қатар музыканттың қорғаушылары оны екі айға қамау туралы сот қаулысына шағым беруге дайындалып жатқаны хабарланды.

Бұған дейін HammAli & Navai тобының мүшесі Navai 13 қазанда Қазақстанға кірген кезде «Қордай» шекара бекетінде ұсталғаны хабарланған. Полиция мәліметінше, ол отырған көліктен есірткі заттары табылған. Есірткі контрабандасына оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Соңғы жаңалықтар