$ 450.62 € 504.2 ₽ 5.36

Маман тапшылығы шектен шықты: Елдегі ең дефицит дәрігер мамандықтары анықталды

Редакция
14 қазан 2026, 10:37
Маман тапшылығы шектен шықты: Елдегі ең дефицит дәрігер мамандықтары анықталды Сурет авторы: Deposit Photos.com

Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде профильді мамандардың тапшылығы байқалуда. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ел бойынша медициналық кадрларға деген қажеттілікке жүргізілген ресми есептеулер нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Zanger Telegram-арнасы.

Ұсынған мәліметке сәйкес, бүгінгі таңда отандық ауруханалар мен емханаларда 8,3 мыңнан астам әртүрлі саладағы дәрігер жетіспейді.

«Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласының кадрларға деген қажеттілігін және медициналық мамандықтар бойынша білім алуға қабылдау көлемін бекітуді бұйрамын», – делінген ресми құжатта.

Үстіміздегі жылдың 1 қазанында қол қойылған бұйрыққа сәйкес, елде төмендегідей мамандарға сұраныс жоғары:

  •  Акушерлік және гинекология (барлық деңгейдегі ересектер мен балалар) – 1 834 маман;
  •  Акушерлік және гинекология (амбулаториялық-поликлиникалық ұйымдар мен ауылдық елді мекендер үшін) – 801 маман;
  •  Анестезиология және реаниматология (ересектер мен балалар) – 1 043 маман;
  •  Жалпы хирургия – 941 маман;
  •  Офтальмология (ересектер мен балалар) – 861 маман;
  •  Неврология (ересектер мен балалар) – 731 маман;
  •  Жалпы тәжірибелік дәрігерлер (ЖТД) – 642 маман;
  •  Травматология-ортопедия (ересектер мен балалар) – 573 маман;
  •  Кардиология (ересектер мен балалар) – 485 маман;
  •  Инфекциялық аурулар (ересектер мен балалар) – 408 маман.

Ең үлкен дефицит тізіміне реаниматологтар, хирургтар, офтальмологтар мен неврологтар енді. Ал барлық деңгейдегі акушер-гинекологтардың жиынтық тапшылығы 1,8 тыс. адамнан асып түсті.

Уәкілетті орган медициналық жоғары оқу орындарына түсетін білім беру тапсырыстарын көбейту және маман даярлау көлемін қайта қарау арқылы кадр тапшылығы мәселесін шешуді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар